Егер Сіз «Хабар» телеарнасының эфирінен танымдық бағдарламалар мен деректі фильмдерді өткізіп алсаңыз, біздің YouTube арнамыздан тегін қарауға мүмкіндігіңіз бар! Атаулы оқиғаларға арналған күнделіктер мен арнайы хабарлар да Сіздің назарыңызға ұсынылады!
Если вы пропустили познавательные программы и документальные фильмы в эфире телеканала «Хабар», у вас есть возможность посмотреть все это на нашем YouTube-канале. Дневники и спецпроекты, посвященные знаменательным событиям, также будут представлены Вашему вниманию!
Байланыс|Контакты: +7 (7172) 757 545
Khabar TANYM
Құрметті цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!👏
Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен жаңашыл ойларыңыз еліміздің цифрлық дамуында, инновациялық бастамаларды жүзеге асыруда ерекше рөл атқарып келеді. Әрқашан жігерлі, алдыңғы қатарда болыңыздар! Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жаңа биіктер мен жарқын жетістіктер тілейміз!🎉
#Хабар #мерекелікқұттықтау #цифрландыру #IT
1 day ago | [YT] | 22
View 0 replies
Khabar TANYM
Креативті индустрияны дамыту жолдары. «Азамат» https://youtu.be/WtXUrlu6E6I
1 week ago | [YT] | 2
View 0 replies
Khabar TANYM
🇰🇿 25 қазан — Республика күні
Бұл күн – еліміздің мемлекеттілік жолындағы маңызды тарихи белесі.
Республика күні – ұлттық бірлігіміз бен тәуелсіздігіміздің символы, ел болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің мерекесі.
Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймыз!
#24KZ #Хабар #жаңалықтар #республикакүні
2 weeks ago | [YT] | 107
View 0 replies
Khabar TANYM
Бүгін – «Хабардың» мерейлі туған күні 👏
«Хабар» – бұл миллиондаған көрерменге паш етілген еліміздің тарихы мен шежіресі!
Осы отыз жылдың жүзінде біз тек эфирде ғана емес, елдегі әр көрерменнің жанынан табыла білдік❤️
Әрқашан «Хабарда» болайық!
Әрдайым жақсы жаңалығымыз көп болсын!
#Хабар30жыл #ХабарАгенттігі
2 weeks ago | [YT] | 75
View 0 replies
Khabar TANYM
🇰🇿 Келе жатқан Республика күні құтты болсын!
Республика күні – халықтың жүрегіне жігер, болашаққа сенім ұялататын мереке. Бұл күн – елдіктің, татулық пен бірліктің мерейі үстем болатын, әрбір азаматты Отанға қызмет етуге үндейтін сәт.
Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!🙌🏼
#Хабар #РеспубликаКүні
3 weeks ago | [YT] | 227
View 3 replies
Khabar TANYM
Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!🎉👏
Ұстаздар – жас ұрпақтың бойына біліммен бірге рухани құндылықтарды дарытып, еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруға үлесін қосып жүрген жандар. Осы мәртебелі мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Шәкірттеріңіз биік белестерді бағындыра берсін!✨
1 month ago | [YT] | 63
View 0 replies
Khabar TANYM
Программа «Неосеть» победила в номинации «Лучший сюжет про кибербезопасность» от ЦАРКА
Новый выпуск программы смотрите по ссылке: https://youtu.be/Op_PB1D7hxE
#неосеть #NeoСеть #Хабар #кибербезопасность #цифровизация
1 month ago (edited) | [YT] | 11
View 0 replies
Khabar TANYM
🔔 КАСТИНГ! КАСТИНГ! КАСТИНГ!
«Хабар» арнасы жұмысшы мамандықтары арасында өтетін ауқымды әлеуметтік реалити-шоуға кастинг жариялайды!
Егер сіз:
- құрылысшы, тігінші, электр маманы, аспаз, фермер, сантехник, ағаш маманы, өрт сөндіруші, автомеханик немесе дәнекерлеуші болсаңыз,
- өзіңізге сенімді, өз ісіңіздің шебері болсаңыз,
БІЗГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ!
«Шеберлер шайқасының» үздігі атанып, ақшалай сыйлықты ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар!
🏆 ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
🥇 1-орын – 5 000 000 ₸
🥈 2-орын – 3 000 000 ₸
🥉 3-орын – 2 000 000 ₸
📲 Өтініш қалдырыңыз да, «Хабар» арнасының эфирінде жұлдызға айналыңыз!
Байланыс телефондары (WhatsApp): +7 775 609 7545
1 month ago | [YT] | 33
View 0 replies
Khabar TANYM
«ШЕБЕРЛЕР ШАЙҚАСЫ»: ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ РЕАЛИТИ-ШОУ😍
2025 жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жарияланды. Осы бастама аясында еңбек адамының мәртебесін көтеруді мақсат ететін «Шеберлер шайқасы» атты жаңа реалити-шоу «Хабар» арнасынан қазан айында жарыққа шықпақ👏
⚡️Шоудың басты кейіпкерлері – қоғамға пайдасын күн сайын көрсетіп жүрген қарапайым мамандар:
👨🏻🏭дәнекерлеушілер,
👷🏻♂️құрылысшылар,
👨🏻🔧электриктер,
👩🏻🍳аспаздар,
🧑🏻🚒өрт сөндірушілер және басқа да техникалық сала өкілдері.
Олар күнделікті жұмыстарына ұқсас шынайы сынақтардан өтіп, өз шеберліктерін, күш-жігері мен шыдамдылығын дәлелдейді.
📌Бағдарламаның әрбір шығарылымы – бір маманның өмірі, ішкі жан дүниесі, кәсіби жолы мен армандары жайлы. Жоба тек сайыс қана емес, еңбек адамының қадірін ұғындыратын, жүрекке әсер ететін адам тағдырларының көрінісі болмақ.
1 month ago (edited) | [YT] | 43
View 1 reply
Khabar TANYM
❤️Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасы – халқымыз үшін қасиетті ұғым. Әр адам, ең алдымен, өзінің қастерлі шаңырағында тұлға ретінде қалыптасады, үлгі-өнеге алып, нағыз азаматқа тән игі қасиеттерді бойына сіңіреді. Отбасында көрген тәлім-тәрбиенің арқасында елімізде отаншыл, еңбекқор, білімді және мәдениетті ұрпақ өсіп шығады.
Әр шаңырақ бақ-берекеге толсын!💐
1 month ago | [YT] | 103
View 2 replies
Load more