Khabar TANYM

«ШЕБЕРЛЕР ШАЙҚАСЫ»: ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ РЕАЛИТИ-ШОУ😍

2025 жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жарияланды. Осы бастама аясында еңбек адамының мәртебесін көтеруді мақсат ететін «Шеберлер шайқасы» атты жаңа реалити-шоу «Хабар» арнасынан қазан айында жарыққа шықпақ👏

⚡️Шоудың басты кейіпкерлері – қоғамға пайдасын күн сайын көрсетіп жүрген қарапайым мамандар:
👨🏻‍🏭дәнекерлеушілер,
👷🏻‍♂️құрылысшылар,
👨🏻‍🔧электриктер,
👩🏻‍🍳аспаздар,
🧑🏻‍🚒өрт сөндірушілер және басқа да техникалық сала өкілдері.
Олар күнделікті жұмыстарына ұқсас шынайы сынақтардан өтіп, өз шеберліктерін, күш-жігері мен шыдамдылығын дәлелдейді.

📌Бағдарламаның әрбір шығарылымы – бір маманның өмірі, ішкі жан дүниесі, кәсіби жолы мен армандары жайлы. Жоба тек сайыс қана емес, еңбек адамының қадірін ұғындыратын, жүрекке әсер ететін адам тағдырларының көрінісі болмақ.

3 weeks ago (edited) | [YT] | 44