🟠 Балалар тәрбиесінің түйіткіл мәселелері және шешуші қадамдар
🔸 Еділ Оспан, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі.
Қазіргі қоғам жаһандану заманында және цифрлық технологиялар дәуірінде өмір сүріп отыр. Жас ұрпақтың тәрбиесіне, мінез-құлқына құндылықтарына осылар терең әсерін тигізуде. Мұндай қоғамда біліммен қоса тәрбие беру өзектілігі арта түсті.
Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін жаңа сапаға көтерді.
Бағдарламаның басты мақсаты - ұлтымыздың ұлағатты қасиеттерін балалар санасына орнықтыру.
Тәрбие жүйесінде жүйелі зерделеулер жүргізу арқылы басты проблемалар мен олардың себептерін, алдын алу тетіктерін дұрыс айқындау өте маңызды.
Қазір онлайн орта - балалардың мінез-құлқына ең қатты ықпал ететін факторға айналды. Бұл орта ашық, контенті әр алуан және балалар үшін қауіпті ақпараттар көп. Бәрі ашық болғандықтан әлеуметтік кеселдерге, нашақорлық, ойынқұарлық үйрететін контенттер қолжетімді.
Сондықтан ата аналар өз баласының онлайн өміріне бақылау жасауы керек.
ЮНИСЕФ зерттеулері жасөспірімдердің интернет желісіндегі неге қызығатынын, кімдермен жиі байланыс жасайтынын анықтады. Балалар ересек адамдармен қарым-қатынас жасауы жиі кездеседі екен. Ересек адамдар оларды кездесуге шақырады, арандатады. Бұл өте қауіпті.
Балаларды сақтандырудың ең тиімді шешімі – ақпараттандыру, суаттылықты арттыру, сыни тұрғыдан бағалай білуге, ақпараттарды сұрыптауға үйрету. Оң мен терісті, жақсы мен жаманды ажырата білуге машықтандыру. Тәуекелдерді дер кезінде анықтап, көмек көрсету.
Осы мақсаттарда мектептерде Қауіпсіздік сағаттары енгізілді. Әр апта сайын сынып сағаттарының барысында қауіп-қатерлермен таныстыру, сақтану жолдарын жеткізу, әсіресе жасөспірімдер ортасында буллингті болдырмау, сақтандыру басты назарда.
Тиісті кеңес алу үшін әр мектепте 111 GR кодтары бар байланыс телефондары орнатылып жатыр.
Мектептер жанынан Психологиялық қолдау орталықтары құрылуда. Оларды сапалы мамандармен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету назарда.
Мектепте, сыныпта психологиялық көңіл-күй жақсы болғанымен, нақты бір балада күрделі проблема, ауытқушылық болуы мүмкін. Сондықтан әр балаға жеке көзқарас жасап, назар салып, жеке қолдау көрсету қазір өте маңызды. Себебі әр адамға жеке, тікелей әсер ететін факторлар көбейді.
Мектеп тек білім беретін емес, баланы қоғамда дұрыс өмір сүруге дайындайтын орта болуы тиіс.
Сабырлы, салиқалы болу, өмірлік тәуекелдерге шыдамды болу, өзіңе пайдалы орта, адал дос таңдай білу өте маңызды. Баланы білім мен тәрбие арқылы ұстаз да, әке-шешесі де осыған үйретуі керек.
🟠 Отбасы институтын нығайтудың заңнамалық және құндылық негіздері
🔸 Назипа Шанай, ҚХА Аналар Кеңесінің төрайымы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.
Аналар кеңесінің отбасы институтын нығайтудағы миссиясы және қызметі.
«Аналар кеңесі» орталығының құрылғанына 10 жыл толды. Бүгінгі таңда 14 мыңнан астам ананың басын біріктіріп отырған консультативтік кеңесші орган ауылдарда да бар. 2021 жылдан бері «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Бақытты отбасы» жобалары аясында отбасы институтын нығайту мақсатында құқықтық, ақпараттық, әлеуметтік, моральдық-психологиялық қолдау көрсету бағыттарында көптеген жұмыстарды жүзеге асырып келеміз.
Аналар кеңесі «Бақытты отбасы» орталықтарында ең әйелдерге құқықтық көмек береді.Себебі аналардың дені өз құқығын білмейді. Олардың арасында тұрмысқа ерте шыққандар, діни ағымның жетегінде кеткендер бар. Мұндай аналар өздерінің, балаларының құжаттарына салғырт қарайды. Біз олардың құжаттарын рәсімдеуге, балабақша, тұрғын үй кезегіне тұруға қол ұшын созамыз.
Екінші бағыт – психиологиялық көмек. Қоғамда өзін жоғалтып алған аналар бар. Олар күнделікті күйбең тірлікпен, балаларының қамымен жүріп, өздерінің ана, тұлға екенін ұмытып қалған. Мұндай аналар балаға не үйретеді? Ертең олардың перзенттері абьюзерлердің қолына түсетін қыз, буллингке тап болатын келін, қысымға ұшырайтын оқушы болып шықпай ма? Өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасы қандай болады? Осы мәселелерді шешу үшін ана психологиялық тұрғыда мықты болуы керек.
Біз аналардың қандай да бір іспен айналысуына мүдделіміз. Сол үшін оларға қысқа мерзімде өздері қалаған мамандықты игеруге мүмкіндік береміз. Қазір кәсібін шыр айналдырып, меңгерген мамандығының жемісін жеп отырған келіншектер бар. Олардың алды цех ашып, 12-20 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Отбасындағы әйелдің ролі туралы.
Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Өйткені әйел-ана өмір дауылын жеңетін алапат күшке ие. Оның мейірі мен пейілі сүрінгенге – сүйеу, жығылғанға – демеу.
Әйел отбасын біріктіріп отыруы керек. Ана үйдің медиаторы және модераторы болуы тиіс. Ежелден солай болған. Ағайын мен туғанның арасын жалғап, әке мен баланың қарым-қатынасына дәнекер болған аналардың абыройы биік, беделі жоғары. Бұл – медиаторлық. Енді модераторлыққа тоқталайық. Отанасы кешкі аста дастархан басында отбасы мүшелерінің басын қосып: «әкесі, бүгін балаң 5 алды, қызың олимпиадаға барайын деп жатыр» деген сияқты жанға жылу сыйлайтын әңгіменің шетін шығарып отырса, отбасының береке-бірлігі мен ынтымағы арта береді. Отбасында ер кісінің атқаратын міндеті – аз, әйел адамдікі – көп деуге болмайды. Отбасының әлеуметтік жағдайын жасау әкенің міндеті болса, шаңырақтың шаттығын шалқыту ананың міндеті. Отбасында сыйластық пен сүйіспеншілік болғанда ғана босаға берік, кереге кең болады. Ақылды ана бала тәрбиесін уысынан шығармайды. Анасының мейірімін сезініп өскен бала ана арқылы айналасына шапағат шуағын шашады. Басқа адамдарға бақыт сыйлайды, өзі де бақытты болады.
Бүгінгі таңда отбасының жүгін жалғыз өзі арқалайтын әйелдер көбейген. Олар іштен тынып, күйзеліспен күн кешеді. Осындай келіншектерге көмек көрсету үшін елімізде «Бақытты отбасы» атты 38 орталық құрылған. Осы орталықтар әйелдерге моральдық-психологиялық қолдау көрсетеді. Бірақ мұны қате түсініп, теріс қабылдайтын азаматтар бар. Олар әйелдеріне: «Бар, саған үкімет көмектеседі» деп масыл болуды жалғастыра береді.
Отбасы институтында ер азаматтардың ролі төмендеп кеткен жоқ па?
Отбасы институтының тірегі де, жүрегі де – ер адам. Ислам дініне сәйкес, жас жұбайлар шаңырақ көтерген кезде міндетті түрде шариғат шарты бойынша неке қияды. Некенің мәні ер азаматқа жауапкершілік жүктеу, яғни «біреудің мәпелеп өсірген қызына қорған боламын, оны асыраймын» деген уәдесін алу. Осыдан-ақ отағасы деген сөздің түп-тамыры тереңде екенін түсінуге болады. Бұл отбасы институтында отағасының, ер азаматтың рөлі зор әрі маңызды екенінің белгісі болса керек.
Жасыратыны жоқ, біз ұл баланың тәрбиесін босаңсытып, ақсатып алдық. Халқымызда ұлға деген көзқарас бөлек. Ұлы жоқ болса, өзін бақытсыз санайтын отбасылар да бар. «Бұл ұл ғой, тиіспеңдер, қыздар істей салады» деген ұстаным ер балаларды кішкентай кезінен енжарлыққа итермелейді. Апа-қарындастарын сыйлауға, оларға арқа сүйер болуға баулымайды. Ұлдарды өбексіте береді. Ал қызға кететін адам деп қарайды. Негізі ұл баланы жастайынан жұмыс істеуге үйрету қажет. Мінез қиындықтан өткен адамда ғана қалыптасады. Қазіргі ажырасулардың, отбасын ұстай алмайтын еркектердің көбеюінің түбінде тәрбиеден кеткен кемшілік жатыр. Бұрынғы азаматтардың байсалды болғаны сонша, олар тіпті дауыс көтермейтін. Ер кісінің айқайлауы ерсі саналатын. Олар нақты сөйлеп, кесімді пікір білдіретін. Қазіргідей шыңғырып, шіңкілдеп жүрген еркек болмайтын.
Қоғамда өзін сыйлата білетін ер кісілердің қатары азайды. Шынымен сыйлы азамат болса, онда ол өз отбасын толығымен қамтамасыз ету мәселесін мойына алуы керек. Осы міндетті атқара алмағандықтан, отбасында ер кісінің рөлі төмендейді. Себебі әйел өзі ақша табатын болса, барлық мәселені өзі шешетін болса, ер адам не үшін қажет? Жатыпішер әкені көрген баланың оған деген көзқарасы өзгереді. Ертең мұндай шаңырақтың ұлы ез болып өседі. Өйткені ол үйінде әкесінің емес, анасының шешім қабылдайтынын көріп өседі және осыны күтіп отырады. Ал қызы барған жерінде күйеуінің айтқанымен жүруге емес, күйеуін өзінің айтқанымен жүргізуге тырысады. Біз ұлдың жауапкершілігін арттыру қажет. Оған қыздарға болашақ ана, біреудің келіні, біреудің жары ретінде қарауды үйрету керек. Әйелдерді жыныстық нысан ретінде емес, ұрпақтың, ұлттың тәрбиешісі ретінде қабылдауды меңгерту қажет.
Отбасы институты және ұрпақ тәрбиесіндегі олқылықтар.
Әкесіз өскен қыз баланың да олқы тұсы болады. Мұндай қыздар еркек пен әйелдің қарым-қатынасын көрмей өседі. Әкені, ер адамды сыйлауды білмейді. Кейін келін болғанда осы мәселемен бетпе-бет келеді. Бала тәрбиесінде әкенің де, ананың да рөлі маңызды. Әрқайсының өз орны бар. Жалғызбасты, ажырасып кеткен әйелдерге қырын қарауға болмайды. Бұл – тағдыр. Олардың әрқайсының артында түйіні тарқамаған мәселе тұр.
«Қызға қырық үйден тыйым» деген нақылды айтқанда, «ұят» дегенді де айту керек. Мысалы кейбір елдердің ұғымында «ұят» деген категория жоқ. Бізге бұл ұғым бабаларымыздан мирас болып келе жатыр. Бізді көп нәрседен ұят ұстайды. Ашық қоғамда өмір сүріп жатқандықтан осы категорияны жоғалта бастадық. Бұл ең бірінші ашық-шашық киінуден басталды. Қыз құпия болуы керек. Қазір кейбір қыздардың сыры да, сыйы да. Бұл ер адамдардың оларға деген құрметін төмендетті. Қыз балаға тәрбие беру ананың міндеті. Мысалы, бір қызы ғана болса, оның дамуына қаражат құяды, бірақ ол «ертең келін болады, ана болады» деген сұраққа бас қатырмайды. Шындап келгенде бұл өз қызына жасалған қастандық. Қыз бойжетеді, ғашық болады, тұрмысқа шығады. Тұрмысқа шыққан соң күйеуінің киімін жуып, тамағын істеу сияқты қарапайым міндет пайда болады. Осыны істі атқара алмайтын қыздар көп. Түйме қадауды білмейтін бойжеткендер бар. Түйме қадай алмаған қыздың бала бағуға шыдамы жете ме?
Отбасы үшін жауапкершіліктің заңнамалық негіздері қалай күшейтілді?
2024 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға бағытталған заңға қол қойды.Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді көздейді. Заңға әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді.
Мысалы, 2017 жылы "Ұрып-соғу" бабы Қылмыстық кодекстен алынып тасталған болатын. Енді ұрып-соққан үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 25 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.
Заңда неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары қарастырылған. Атап айтқанда, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету; балаларды жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарға құрмет рухында адамгершілік және рухани тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
Отбасын қолдау орталықтарын құру және олардың қызметі заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Олар аудандар мен қала аудандарында жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бюджет қаражаты және өзге де тыйым салынбаған қаражат көздері есебінен құрылады.
Жаһандану және отбасы құндылықтарының ролі туралы.
Жаһандану заманында ұлттық тәрбиеден ажырап қалмау үшін сыртқы құбылысты сыни көзқараспен қабылдау қажет. Қоғам саналы болуы керек. Біз саналы қоғамға әлі жеткен жоқпыз. Көзі тірісінде Әбіш Кекілбаев атамыздан: «Біз қандай қоғам боламыз? Деп сұрағанымызда ол: «Теңізде қатты жел тұрған кезде түбіндегі қоқыстың барлығын алып шығады. Кейін дауыл басылған кезде бетіне шыққан қоқысты жинап, лақтыруға болады» деген. Қазір біз осындай жағдайдамыз. Қоқыс жан-жақтан келіп жатыр. Біз бұдан өтеміз. Тек уақыт, шыдам, сабыр қажет. Қоғамның санасын өзгертуге күш жұмсаған жөн. Өскелең ұрпаққа біздің салт-дәстүріміз өзгелерден озық болмаса, кем емес екенін түсіндіру керек.
🟠 СИЛЬНАЯ СЕМЬЯ — СИЛЬНОЕ ОБЩЕСТВО: ИСТОРИЯ УСПЕХА ОТ НУРБОЛАТА БИСЕНГАЛИЕВА
В рамках серии выпусков «Истории успеха» проекта Tatulyq.KZ мы продолжаем рассказывать о людях, чья деятельность вносит вклад в развитие культуры уважения, взаимопонимания и поддержки в обществе.
🎙️ Героем нового выпуска стал Нурболат Бисенгалиев — генеральный директор @spaceschool.kz, Почетный работник образования Республики Казахстан, эксперт в сфере образования. Его многолетний опыт и профессиональные достижения вдохновляют как педагогов, так и родителей.
💬 В своём выступлении Нурболат Бисенгалиев отметил, что основа благополучного общества формируется в семье. Именно там ребёнок учится первым ценностям: уважению, доверию, ответственности и взаимной поддержке. Эти качества в дальнейшем отражаются и в школе, и на работе, и в жизни общества в целом. Эксперт подчеркнул, что сегодня особенно важно создавать такие условия, где каждая семья чувствует поддержку и уверенность в завтрашнем дне. Для этого необходимо объединение усилий государства, образовательных организаций и общественных инициатив.
🎯 Проект Tatulyq.KZ ставит перед собой задачу — профилактика и предотвращение семейно-бытового насилия, буллинга и харассмента через медиа-продвижение. Истории, подобные рассказу Нурболата Бисенгалиева, становятся примером того, как личный опыт и профессиональная практика могут вдохновлять других.
🧡 «Мы должны учить детей ценить уважение и доверие с самого раннего возраста. Тогда завтра у нас будет общество, где диалог и взаимопонимание важнее любых конфликтов», — отметил он.
Серия выпусков «Истории успеха» продолжает открывать новые имена и идеи, которые помогают укреплять ценности семьи и общества. Ведь только так можно построить будущее, в котором каждый человек будет чувствовать себя в безопасности, в уважении и в согласии.
💬 ГДЕ ЗАКАНЧИВАЕТСЯ ЗАБОТА И НАЧИНАЕТСЯ КОНТРОЛЬ? Иногда то, что называют «любовью», на деле может оказаться контролем.
В рамках онлайн-школы «Тату отбасы» по проекту Tatulyq.KZ состоялась лекция правозащитницы, учредительницы общественного фонда Stop Violence and Tyranny Молдир Жумабаевой. Эксперт подняла важную тему — семейные границы и то, как распознать насилие, замаскированное под любовь и заботу.
👉 Забота — это когда у вас спрашивают: «Что ты хочешь?», «Как я могу поддержать?». 👉 Контроль — это когда решают за вас: «Ты не пойдёшь», «Я лучше знаю», «Раз я помогаю — ты должна слушаться». ⠀ 🚫 Контроль лишает свободы. 💚 Любовь всегда даёт выбор. Если вам не дают возможности сказать «нет» — это сигнал, что ваши границы нарушаются. Что такое семейные границы? Границы — это невидимые линии, которые защищают наши чувства, эмоции, тело и время. Здоровые границы позволяют человеку уверенно говорить «нет», не испытывая вины или страха. Их нарушение проявляется тогда, когда появляется дискомфорт, чувство небезопасности и давление со стороны близких.
Забота или контроль?
Молдир Жумабаева отметила:
• Забота всегда подразумевает выбор и уважение. У партнёра спрашивают: «Что ты хочешь?», «Как я могу поддержать тебя?».
• Контроль проявляется в ограничениях: «Ты не пойдёшь», «Я решаю за тебя», «Раз я даю деньги — ты должна слушаться». Это не про любовь, а про власть и подчинение.
📌 Важно помнить: • У вас есть право на своё мнение. • У вас есть право на безопасность. • У вас есть право на поддержку.
🟧 РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ИТОГАМ ИСТОРИИ УСПЕХА ОТ БАЯН ТОЙКЕБАЕВОЙ
«Права женщин в Казахстане: путь поддержки и изменений» Эксперт: Баян Тойкебаева, общественная деятельница, член Общественного совета МВД РК В рамках проекта Tatulyq.KZ при поддержке Министерства культуры и информации РК и ЦПГИ
1. Участие граждан в Общественных советах — открытая возможность
🔸 Подавать заявку в Общественный совет может любой гражданин или представитель НПО.
🔸 Процедура проста: форма, справка о несудимости, медсправка, мотивационное письмо.
🔸 Общественные советы — важный инструмент гражданского контроля и влияния на реформы.
2. Продвижение женщин в системе МВД
🔸 В органах МВД доля женщин на уровне принятия решений — всего 7–8%.
🔸 Баян Тойкебаева инициировала создание управления по защите женщин от семейно-бытового насилия, которое впервые возглавила женщина.
🔸 Продвижение женщин в силовых структурах — необходимый шаг к гендерному балансу и более человечному подходу в работе с уязвимыми группами.
3. Борьба с семейно-бытовым насилием
🔸 Принят Закон о профилактике семейно-бытового насилия, но нужны реалистичные механизмы его применения.
🔸 Важно обеспечить материальную базу подразделений, работающих с жертвами: транспорт, техника, обучение.
🔸 В каждом случае насилия должна быть возможность получить быструю, понятную и бесплатную помощь: юридическую, психологическую, социальную.
4. Работа с агрессорами и восстановление семей
🔸 Один из ключевых пилотных проектов — работа с агрессорами в Сараркинском районе Астаны.
🔸 Мужчины должны получать помощь и коррекцию поведения, иначе цикл насилия продолжается.
🔸 Необходимо масштабировать подобные программы по всей стране.
5. Психологическая помощь и комплексная поддержка женщин
🔸 Женщинам, пережившим насилие, не хватает бесплатной и специализированной психологической помощи.
🔸 Кризисные центры должны не только предоставлять временное жильё, но и помогать с восстановлением документов, трудоустройством, вопросами опеки, алиментов, устройства детей в сады/школы.
🔸 Нужны чёткие алгоритмы действий при обращении за помощью.
6. Борьба со стереотипами — приоритетная задача
🔸 «Терпи, не выноси сор из избы» — это опасные установки, с которыми нужно работать на уровне школы, семьи, медиа.
🔸 Необходимы информационные кампании, объясняющие, что насилие — это преступление, а не «семейный конфликт».
7. Роль участковых инспекторов
🔸 Участковые — первое звено взаимодействия с гражданами, но часто без ресурсов и обучения.
🔸 Требуется усиление их роли в профилактике, коммуникации и защите уязвимых категорий.
🔸 Рекомендовано: улучшение материально-технической базы и повышение квалификации.
Заключение «Работа по защите женщин и профилактике насилия — это не точечная помощь, а системная трансформация, требующая участия общества, государства и каждого человека. Женский голос должен звучать везде, где принимаются решения», — подчёркивает Баян Тойкебаева.
🟧 ПРОФИЛАКТИКА БЫТОВОГО НАСИЛИЯ, БУЛЛИНГА , ХАРАСМЕНТА
Аккредитованный психолог, гештальт-терапевт
Ещанов Темирлан, в своем выступлении привел основные проблемы, с которыми сталкиваются жертвы бытового насилия, буллинга и харасмента. Эти проблемы затрагивают как общество, в котором мы живем, так и имеют место во внутреннем мире человека.
⚠️ Нормализация насилия обществом
Одна из самых незаметных, но при этом очень опасных проблем — это нормализация насилия.
С самого детства мы слышим знакомые фразы:
🔸 «Бьёт — значит любит»
🔸«Потерпишь — потом наладится»
🔸«Мужчины такие, у них просто характер»
🔸«Буллинг в школе — это закаляет»
Когда ребёнок приходит домой, жалуясь на насмешки — ему говорят: «Не обращай внимания».
Когда женщина говорит, что партнёр её унижает — ей советуют: «Не выноси сор из избы».
Когда мужчина признаётся, что столкнулся с харассментом — его могут высмеять или вовсе не поверить.
Мы искажаем саму суть насилия, оборачиваем его в форму «нормального поведения» и тем самым отказываемся признать его серьёзность. Мы привыкаем к насилию, словно это просто часть жизни — как плохая погода: неприятно, но надо терпеть.
Но насилие — это не дождь.
Это поведение.
А значит, его можно остановить.
Но для этого нужно сначала честно признать: оно есть.
🤐 Стигмы и стереотипы: почему жертвы молчат
Почему те, кто сталкиваются с насилием, так часто молчат?
Потому что в обществе укоренены стигмы — убеждения, которые делают саму жертву виноватой.
📌 Примеры:
🔸«Ты сама виновата, не надо было провоцировать»
🔸«Мужчина не может быть жертвой — ты что, слабак?»
🔸«Это твой начальник, ты знала, на что шла»
🔸«Все в школе через это проходят, закаляйся»
📌 Что делает стигма?
🔸Изолирует человека от поддержки.
🔸Заставляет думать: «Я не заслуживаю помощи».
🔸Усиливает чувство стыда и вины.
🔸А самое страшное — заставляет жертву оправдывать насилие.
Когда мы не верим, смеёмся, обвиняем — мы сами становимся соучастниками насилия.
🏚️ Безопасность, которая исчезает
Места, где человек должен чувствовать себя в безопасности — это:
🔸Дом
🔸Школа
🔸Работа
🔸Близкие отношения
Но как часто именно эти места становятся источником страха?
Ребёнок боится идти в школу из-за издевательств.
Сотрудник боится отказать начальнику.
Человек засыпает рядом с тем, кто его унижает.
Безопасность — это не абстракция. Это такая же базовая потребность, как воздух. Без неё невозможны ни доверие, ни развитие, ни свобода.
Но когда человек жалуется, ему говорят:
🔸«Не выноси на публику»
🔸«Ты же не хочешь разрушить семью»
🔸«Ну это же просто шутка, расслабься»
Так общество снова и снова ставит внешний порядок выше внутреннего состояния человека.
💔 Обесценивание человеческого благополучия
Корень проблемы — в обесценивании внутреннего благополучия.
До сих пор в приоритете:
🔸Репутация семьи
🔸Имидж школы
🔸Успех компании
🔸Социальный статус
А такие чувства как тревога, страх, выгорание, боль — игнорируются.
Люди учатся адаптироваться, притворяться, молчать.
Последствия:
🔸Хронический стресс
🔸Психосоматические заболевания
🔸Суицидальные мысли
🔸Потеря самоценности
Мы не сможем построить здоровое общество, если не поставим благополучие человека в центр системы ценностей.
✔️ Что может помочь?
1. Чувствительность к себе
Она помогает лучше понимать свои чувства, потребности, внутренние сигналы. Это первый шаг к заботе о себе и к отказу от нормализованного насилия.
2. Критическое мышление
Оно даёт возможность переосмыслить установки, которые поддерживают насилие, — например, увидеть, что «бьёт — значит любит» на самом деле значит «бьёт — значит это насилие».
3. Культура ментального благополучия
Это касается не только отдельных людей, но и общества в целом. Нам важно учиться говорить о психологических сложностях без страха осуждения, снижать стигму, и признавать важность душевного здоровья.
Заключение
Насилие — это не просто личная беда отдельного человека. Это социальное явление, и общество может либо его поддерживать, либо менять.
Наша задача:
🔸Не замалчивать
🔸Не оправдывать
🔸Не игнорировать
Наша задача — видеть, называть, действовать.
И тогда, возможно, где-то — ребёнок, женщина, мужчина, сотрудник, студент — почувствуют:
я не один, меня слышат, меня защищают.
«Мәселе бар — көмек те бар!»
❗ Тұрмыстық зорлық-зомбылық — бұл «отбасылық шаруа» немесе «екеуара жанжал» емес. Бұл — қылмыс.
Және ол тек отбасыны емес, тағдырларды бұзады.
Қазақстанда жыл сайын мыңдаған әйелдер мен балалар зорлық көріп, үнсіз жапа шегуде. Бірі — қорқады. Бірі — үміттенеді. Бірі — шыдай береді.
Бірақ көп жағдайда бұл тоқтамайды. Керісінше — күшейеді. Қайталанады. Сындырады.
🔴 Бірақ білу маңызды: сіз жалғыз емессіз.
Көмек бар. Және ол сіздің алғашқы қадамыңыздан басталады. Тек бір қоңырау жеткілікті болуы мүмкін.
📞 111 — Ұлттық сенім желісі
✅ Тәулік бойы
✅ Анонимді
✅ Тегін
🌐 — бұл жай ғана медиа-платформа емес. Бұл — үнсіз қалмағандардың дауысы. Бұл — бірге күресуге дайын қоғам.
📣 Мәселені жасыру — оны шешпейді. Көмек сұрау — әлсіздік емес, батылдық!
Жаңа өмірге, тыныш болашаққа алғашқы қадам жасаңыз.
Егер өзіңіз үшін болмаса — балаңыз үшін. Жақындарыңыз үшін. Өмір үшін.
#ЖанұялықЗорлықЖоқ#TatulyqKZ#111Қолдау#ҮндемеМаңыз#КөмекСұраңыз#СізЖалғызЕмессіз
🟠 ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ?
Ответы на важные и частые вопросы
❗️ О ДОМАШНЕМ НАСИЛИИ
1. Куда обращаться в случае домашнего насилия?
🔸 Позвоните по номеру 102 или на линию экстренную службу 111.
Также вы имеете право подать заявление в ближайшее отделение полиции.
2. Как работает экстренная служба 111?
🔸 Это бесплатный и конфиденциальный телефон доверия, где консультируют психологи и юристы. Работает круглосуточно.
3. Что делать, если нет доказательств?
🔸 Напишите заявление, пройдите медицинское освидетельствование. Аудио-, видеозаписи, а также свидетельства соседей тоже считаются доказательствами.
4. Муж проявил агрессию, но потом извинился. Что делать?
🔸 Извинение не оправдывает действия. Это может повториться. Ваша безопасность должна быть на первом месте.
5. Стоит ли терпеть ради детей?
🔸 Нет. Если дети растут в обстановке насилия — это наносит серьёзный вред их психике.
❗️ О БУЛЛИНГЕ (ТРАВЛЕ)
1. Моего ребёнка дразнят в школе. Что делать?
🔸 В первую очередь сообщите учителю и администрации школы. Поддержите ребёнка, поговорите с ним.
2. Чем отличается буллинг от шутки?
🔸 Если ребёнку обидно, неприятно, он чувствует себя униженным — это буллинг. Шутка — это то, что приятно обеим сторонам.
3. Если учитель не реагирует — куда жаловаться?
🔸 Обратитесь в районный отдел образования, Управление образования или подайте жалобу через портал egov.kz.
4. Кто несёт ответственность за кибербуллинг?
🔸 За онлайн-оскорбления также предусмотрена ответственность по законам РК. Сохраняйте скриншоты и записи для подачи жалобы.
❗️ О ХАРАССМЕНТЕ
1. Что такое харассмент?
🔸 Это домогательство — словесное или физическое, без согласия другого человека, включая сексуального характера.
2. Что делать, если на работе пристаёт коллега?
🔸 Напишите заявление руководству, в HR или в инспекцию труда. Конфиденциальность должна быть соблюдена.
3. Если домогательства только в словах — это тоже харассмент?
🔸 Да. Любые нежелательные слова, вызывающие дискомфорт — это харассмент.
4. Что делать, если нет письменных доказательств?
🔸 Используйте аудиозаписи, свидетельства очевидцев. Ведение личного дневника также может помочь.
5. Если расскажу о харассменте, не сделают ли меня виноватой?
🔸 Нет. Вы защищаете свои права. Законы Республики Казахстан — на вашей стороне.
ҚАНДАЙ АҚПАРАТТЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ?
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
❗️ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
1. Тұрмыстық зорлыққа қайда шағымдануға болады?
🔸 102 нөміріне немесе 111 жедел желісіне хабарласыңыз. Жақын полиция бөліміне арыз жазуға да құқығыңыз бар.
2. 111 жедел желісі қалай жұмыс істейді?
🔸 Бұл – тегін, құпия психологтар мен заңгерлер кеңес беретін сенім телефоны. Тәулік бойы жұмыс істейді.
3. Егер дәлел болмаса не істеу керек?
🔸 Арыз жазып, медициналық тексерістен өтіңіз. Аудио, видео, көршілердің куәлігі де дәлел ретінде қарастырылады.
4. Күйеуім агрессия көрсетті, бірақ кешірім сұрады. Не істеймін?
🔸 Кешірім – әрекетті ақтамайды. Бұл қайталануы мүмкін. Өз қауіпсіздігіңіз бірінші орында болу керек.
5. Балаларым үшін төзуім керек пе?
🔸 Жоқ. Балалар зорлықты көріп өссе – олардың психикасына ауыр әсер етеді.
❗️ БУЛЛИНГ (ҚУДАЛАУ) ТУРАЛЫ
1. Баламды мектепте мазақтайды. Не істеуім керек?
🔸 Бірінші кезекте мұғалім мен мектеп әкімшілігіне хабарласыңыз. Баламен сөйлесіп, қолдау көрсетіңіз.
2. Буллинг пен әзілдің айырмашылығы қандай?
🔸 Егер бала өзін жаман сезінсе, қорланса, бұл – буллинг. Әзіл – екі жаққа да жағымды болады.
3. Мұғалім назар аудармаса қайда шағымданамын?
🔸 Аудандық білім бөліміне, Білім басқармасына немесе арнайы білім беру платформаларына (egov.kz арқылы) арыздануға болады.
4. Кибербуллингке кім жауап береді?
🔸 Онлайн қорлау үшін де ҚР заңнамасы бойынша жауапкершілік бар. Скриншоттар мен жазбаларды сақтап, шағымдануға болады.
❗️ХАРАССМЕНТ ТУРАЛЫ
1. Харасмент деген не?
🔸 Бұл – адамның келісімінсіз жасалатын сөзбен, әрекетпен мазалау, қорлау, сексуалдық сипаттағы қысым көрсету.
2. Жұмыста әріптес мазаласа қайтемін?
🔸 Басшылыққа, HR-ға немесе еңбек инспекциясына жазбаша арыз беріңіз. Құпиялылық сақталуы керек.
3. Сөзбен ғана мазаласа, ол да харасмент пе?
🔸 Иә. Келіспей, ыңғайсыздық тудыратын кез келген сөз — харасмент.
4. Жазбаша дәлел болмаса, не істеу керек?
🔸 Әңгімелердің жазбасын, куәлардың куәлігін пайдаланыңыз. Күнделік жүргізу де көмектеседі.
5. Харасмент жайлы айтсам, өзім кінәлі болып қалмаймын ба?
🔸 Жоқ. Сіз өз құқығыңызды қорғайсыз. ҚР заңдары сіздің жағыңызда.
💬 Бесплатная психологическая поддержка от Tatulyq.KZ уже доступна!
Теперь каждый, кто столкнулся с трудной жизненной ситуацией, может получить бесплатную и конфиденциальную консультацию психолога в рамках проекта Tatulyq.KZ.
📞 Call-центр проекта Tatulyq.KZ — это:
✔ помощь и поддержка для тех, кто столкнулся с бытовым или семейным насилием;
✔ консультации по вопросам личных границ и безопасных отношений;
✔ возможность задать вопрос и получить ответ от специалиста.
📅 График работы Call-центра:
🧠 Психологическая консультация по телефону: 8 777 705 79 98
каждый Суббота с 10:00 до 20:00
💬 Мессенджер: Пн–Пт с 10:00 до 19:00
📧 Email: tatulyqkz@gmail.com.
❗ Важно!
Если ваша ситуация критическая и требует немедленной помощи:
📞 звоните на номер 111 — Кризисный центр
📞 или на 102 — Полиция.
Все обращения в Tatulyq.KZ обрабатываются конфиденциально и бесплатно.
Ответы на самые частые вопросы будут опубликованы на нашем сайте и в социальных сетях.
🤝 Tatulyq.KZ — поддержка, когда она действительно нужна.
Вы не одни!
KUN KZ
🟠 Балалар тәрбиесінің түйіткіл мәселелері және шешуші қадамдар
🔸 Еділ Оспан, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі.
Қазіргі қоғам жаһандану заманында және цифрлық технологиялар дәуірінде өмір сүріп отыр. Жас ұрпақтың тәрбиесіне, мінез-құлқына құндылықтарына осылар терең әсерін тигізуде. Мұндай қоғамда біліммен қоса тәрбие беру өзектілігі арта түсті.
Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін жаңа сапаға көтерді.
Бағдарламаның басты мақсаты - ұлтымыздың ұлағатты қасиеттерін балалар санасына орнықтыру.
Тәрбие жүйесінде жүйелі зерделеулер жүргізу арқылы басты проблемалар мен олардың себептерін, алдын алу тетіктерін дұрыс айқындау өте маңызды.
Қазір онлайн орта - балалардың мінез-құлқына ең қатты ықпал ететін факторға айналды. Бұл орта ашық, контенті әр алуан және балалар үшін қауіпті ақпараттар көп. Бәрі ашық болғандықтан әлеуметтік кеселдерге, нашақорлық, ойынқұарлық үйрететін контенттер қолжетімді.
Сондықтан ата аналар өз баласының онлайн өміріне бақылау жасауы керек.
ЮНИСЕФ зерттеулері жасөспірімдердің интернет желісіндегі неге қызығатынын, кімдермен жиі байланыс жасайтынын анықтады. Балалар ересек адамдармен қарым-қатынас жасауы жиі кездеседі екен. Ересек адамдар оларды кездесуге шақырады, арандатады. Бұл өте қауіпті.
Балаларды сақтандырудың ең тиімді шешімі – ақпараттандыру, суаттылықты арттыру, сыни тұрғыдан бағалай білуге, ақпараттарды сұрыптауға үйрету. Оң мен терісті, жақсы мен жаманды ажырата білуге машықтандыру. Тәуекелдерді дер кезінде анықтап, көмек көрсету.
Осы мақсаттарда мектептерде Қауіпсіздік сағаттары енгізілді. Әр апта сайын сынып сағаттарының барысында қауіп-қатерлермен таныстыру, сақтану жолдарын жеткізу, әсіресе жасөспірімдер ортасында буллингті болдырмау, сақтандыру басты назарда.
Тиісті кеңес алу үшін әр мектепте 111 GR кодтары бар байланыс телефондары орнатылып жатыр.
Мектептер жанынан Психологиялық қолдау орталықтары құрылуда. Оларды сапалы мамандармен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету назарда.
Мектепте, сыныпта психологиялық көңіл-күй жақсы болғанымен, нақты бір балада күрделі проблема, ауытқушылық болуы мүмкін. Сондықтан әр балаға жеке көзқарас жасап, назар салып, жеке қолдау көрсету қазір өте маңызды. Себебі әр адамға жеке, тікелей әсер ететін факторлар көбейді.
Мектеп тек білім беретін емес, баланы қоғамда дұрыс өмір сүруге дайындайтын орта болуы тиіс.
Сабырлы, салиқалы болу, өмірлік тәуекелдерге шыдамды болу, өзіңе пайдалы орта, адал дос таңдай білу өте маңызды. Баланы білім мен тәрбие арқылы ұстаз да, әке-шешесі де осыған үйретуі керек.
2 days ago (edited) | [YT] | 1
View 0 replies
KUN KZ
🟠 Отбасы институтын нығайтудың заңнамалық және құндылық негіздері
🔸 Назипа Шанай, ҚХА Аналар Кеңесінің төрайымы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.
Аналар кеңесінің отбасы институтын нығайтудағы миссиясы және қызметі.
«Аналар кеңесі» орталығының құрылғанына 10 жыл толды. Бүгінгі таңда 14 мыңнан астам ананың басын біріктіріп отырған консультативтік кеңесші орган ауылдарда да бар. 2021 жылдан бері «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Бақытты отбасы» жобалары аясында отбасы институтын нығайту мақсатында құқықтық, ақпараттық, әлеуметтік, моральдық-психологиялық қолдау көрсету бағыттарында көптеген жұмыстарды жүзеге асырып келеміз.
Аналар кеңесі «Бақытты отбасы» орталықтарында ең әйелдерге құқықтық көмек береді.Себебі аналардың дені өз құқығын білмейді. Олардың арасында тұрмысқа ерте шыққандар, діни ағымның жетегінде кеткендер бар. Мұндай аналар өздерінің, балаларының құжаттарына салғырт қарайды. Біз олардың құжаттарын рәсімдеуге, балабақша, тұрғын үй кезегіне тұруға қол ұшын созамыз.
Екінші бағыт – психиологиялық көмек. Қоғамда өзін жоғалтып алған аналар бар. Олар күнделікті күйбең тірлікпен, балаларының қамымен жүріп, өздерінің ана, тұлға екенін ұмытып қалған. Мұндай аналар балаға не үйретеді? Ертең олардың перзенттері абьюзерлердің қолына түсетін қыз, буллингке тап болатын келін, қысымға ұшырайтын оқушы болып шықпай ма? Өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасы қандай болады? Осы мәселелерді шешу үшін ана психологиялық тұрғыда мықты болуы керек.
Біз аналардың қандай да бір іспен айналысуына мүдделіміз. Сол үшін оларға қысқа мерзімде өздері қалаған мамандықты игеруге мүмкіндік береміз. Қазір кәсібін шыр айналдырып, меңгерген мамандығының жемісін жеп отырған келіншектер бар. Олардың алды цех ашып, 12-20 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Отбасындағы әйелдің ролі туралы.
Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Өйткені әйел-ана өмір дауылын жеңетін алапат күшке ие. Оның мейірі мен пейілі сүрінгенге – сүйеу, жығылғанға – демеу.
Әйел отбасын біріктіріп отыруы керек. Ана үйдің медиаторы және модераторы болуы тиіс. Ежелден солай болған. Ағайын мен туғанның арасын жалғап, әке мен баланың қарым-қатынасына дәнекер болған аналардың абыройы биік, беделі жоғары. Бұл – медиаторлық. Енді модераторлыққа тоқталайық. Отанасы кешкі аста дастархан басында отбасы мүшелерінің басын қосып: «әкесі, бүгін балаң 5 алды, қызың олимпиадаға барайын деп жатыр» деген сияқты жанға жылу сыйлайтын әңгіменің шетін шығарып отырса, отбасының береке-бірлігі мен ынтымағы арта береді. Отбасында ер кісінің атқаратын міндеті – аз, әйел адамдікі – көп деуге болмайды. Отбасының әлеуметтік жағдайын жасау әкенің міндеті болса, шаңырақтың шаттығын шалқыту ананың міндеті. Отбасында сыйластық пен сүйіспеншілік болғанда ғана босаға берік, кереге кең болады. Ақылды ана бала тәрбиесін уысынан шығармайды. Анасының мейірімін сезініп өскен бала ана арқылы айналасына шапағат шуағын шашады. Басқа адамдарға бақыт сыйлайды, өзі де бақытты болады.
Бүгінгі таңда отбасының жүгін жалғыз өзі арқалайтын әйелдер көбейген. Олар іштен тынып, күйзеліспен күн кешеді. Осындай келіншектерге көмек көрсету үшін елімізде «Бақытты отбасы» атты 38 орталық құрылған. Осы орталықтар әйелдерге моральдық-психологиялық қолдау көрсетеді. Бірақ мұны қате түсініп, теріс қабылдайтын азаматтар бар. Олар әйелдеріне: «Бар, саған үкімет көмектеседі» деп масыл болуды жалғастыра береді.
Отбасы институтында ер азаматтардың ролі төмендеп кеткен жоқ па?
Отбасы институтының тірегі де, жүрегі де – ер адам. Ислам дініне сәйкес, жас жұбайлар шаңырақ көтерген кезде міндетті түрде шариғат шарты бойынша неке қияды. Некенің мәні ер азаматқа жауапкершілік жүктеу, яғни «біреудің мәпелеп өсірген қызына қорған боламын, оны асыраймын» деген уәдесін алу. Осыдан-ақ отағасы деген сөздің түп-тамыры тереңде екенін түсінуге болады. Бұл отбасы институтында отағасының, ер азаматтың рөлі зор әрі маңызды екенінің белгісі болса керек.
Жасыратыны жоқ, біз ұл баланың тәрбиесін босаңсытып, ақсатып алдық. Халқымызда ұлға деген көзқарас бөлек. Ұлы жоқ болса, өзін бақытсыз санайтын отбасылар да бар. «Бұл ұл ғой, тиіспеңдер, қыздар істей салады» деген ұстаным ер балаларды кішкентай кезінен енжарлыққа итермелейді. Апа-қарындастарын сыйлауға, оларға арқа сүйер болуға баулымайды. Ұлдарды өбексіте береді. Ал қызға кететін адам деп қарайды. Негізі ұл баланы жастайынан жұмыс істеуге үйрету қажет. Мінез қиындықтан өткен адамда ғана қалыптасады. Қазіргі ажырасулардың, отбасын ұстай алмайтын еркектердің көбеюінің түбінде тәрбиеден кеткен кемшілік жатыр. Бұрынғы азаматтардың байсалды болғаны сонша, олар тіпті дауыс көтермейтін. Ер кісінің айқайлауы ерсі саналатын. Олар нақты сөйлеп, кесімді пікір білдіретін. Қазіргідей шыңғырып, шіңкілдеп жүрген еркек болмайтын.
Қоғамда өзін сыйлата білетін ер кісілердің қатары азайды. Шынымен сыйлы азамат болса, онда ол өз отбасын толығымен қамтамасыз ету мәселесін мойына алуы керек. Осы міндетті атқара алмағандықтан, отбасында ер кісінің рөлі төмендейді. Себебі әйел өзі ақша табатын болса, барлық мәселені өзі шешетін болса, ер адам не үшін қажет? Жатыпішер әкені көрген баланың оған деген көзқарасы өзгереді. Ертең мұндай шаңырақтың ұлы ез болып өседі. Өйткені ол үйінде әкесінің емес, анасының шешім қабылдайтынын көріп өседі және осыны күтіп отырады. Ал қызы барған жерінде күйеуінің айтқанымен жүруге емес, күйеуін өзінің айтқанымен жүргізуге тырысады. Біз ұлдың жауапкершілігін арттыру қажет. Оған қыздарға болашақ ана, біреудің келіні, біреудің жары ретінде қарауды үйрету керек. Әйелдерді жыныстық нысан ретінде емес, ұрпақтың, ұлттың тәрбиешісі ретінде қабылдауды меңгерту қажет.
Отбасы институты және ұрпақ тәрбиесіндегі олқылықтар.
Әкесіз өскен қыз баланың да олқы тұсы болады. Мұндай қыздар еркек пен әйелдің қарым-қатынасын көрмей өседі. Әкені, ер адамды сыйлауды білмейді. Кейін келін болғанда осы мәселемен бетпе-бет келеді. Бала тәрбиесінде әкенің де, ананың да рөлі маңызды. Әрқайсының өз орны бар. Жалғызбасты, ажырасып кеткен әйелдерге қырын қарауға болмайды. Бұл – тағдыр. Олардың әрқайсының артында түйіні тарқамаған мәселе тұр.
«Қызға қырық үйден тыйым» деген нақылды айтқанда, «ұят» дегенді де айту керек. Мысалы кейбір елдердің ұғымында «ұят» деген категория жоқ. Бізге бұл ұғым бабаларымыздан мирас болып келе жатыр. Бізді көп нәрседен ұят ұстайды. Ашық қоғамда өмір сүріп жатқандықтан осы категорияны жоғалта бастадық. Бұл ең бірінші ашық-шашық киінуден басталды. Қыз құпия болуы керек. Қазір кейбір қыздардың сыры да, сыйы да. Бұл ер адамдардың оларға деген құрметін төмендетті. Қыз балаға тәрбие беру ананың міндеті. Мысалы, бір қызы ғана болса, оның дамуына қаражат құяды, бірақ ол «ертең келін болады, ана болады» деген сұраққа бас қатырмайды. Шындап келгенде бұл өз қызына жасалған қастандық. Қыз бойжетеді, ғашық болады, тұрмысқа шығады. Тұрмысқа шыққан соң күйеуінің киімін жуып, тамағын істеу сияқты қарапайым міндет пайда болады. Осыны істі атқара алмайтын қыздар көп. Түйме қадауды білмейтін бойжеткендер бар. Түйме қадай алмаған қыздың бала бағуға шыдамы жете ме?
Отбасы үшін жауапкершіліктің заңнамалық негіздері қалай күшейтілді?
2024 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға бағытталған заңға қол қойды.Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді көздейді. Заңға әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді.
Мысалы, 2017 жылы "Ұрып-соғу" бабы Қылмыстық кодекстен алынып тасталған болатын. Енді ұрып-соққан үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 25 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.
Заңда неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары қарастырылған. Атап айтқанда, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету; балаларды жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарға құрмет рухында адамгершілік және рухани тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
Отбасын қолдау орталықтарын құру және олардың қызметі заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Олар аудандар мен қала аудандарында жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бюджет қаражаты және өзге де тыйым салынбаған қаражат көздері есебінен құрылады.
Жаһандану және отбасы құндылықтарының ролі туралы.
Жаһандану заманында ұлттық тәрбиеден ажырап қалмау үшін сыртқы құбылысты сыни көзқараспен қабылдау қажет. Қоғам саналы болуы керек. Біз саналы қоғамға әлі жеткен жоқпыз. Көзі тірісінде Әбіш Кекілбаев атамыздан: «Біз қандай қоғам боламыз? Деп сұрағанымызда ол: «Теңізде қатты жел тұрған кезде түбіндегі қоқыстың барлығын алып шығады. Кейін дауыл басылған кезде бетіне шыққан қоқысты жинап, лақтыруға болады» деген. Қазір біз осындай жағдайдамыз. Қоқыс жан-жақтан келіп жатыр. Біз бұдан өтеміз. Тек уақыт, шыдам, сабыр қажет. Қоғамның санасын өзгертуге күш жұмсаған жөн. Өскелең ұрпаққа біздің салт-дәстүріміз өзгелерден озық болмаса, кем емес екенін түсіндіру керек.
2 days ago | [YT] | 0
View 0 replies
KUN KZ
🟠 СИЛЬНАЯ СЕМЬЯ — СИЛЬНОЕ ОБЩЕСТВО: ИСТОРИЯ УСПЕХА ОТ НУРБОЛАТА БИСЕНГАЛИЕВА
В рамках серии выпусков «Истории успеха» проекта Tatulyq.KZ мы продолжаем рассказывать о людях, чья деятельность вносит вклад в развитие культуры уважения, взаимопонимания и поддержки в обществе.
🎙️ Героем нового выпуска стал Нурболат Бисенгалиев — генеральный директор @spaceschool.kz, Почетный работник образования Республики Казахстан, эксперт в сфере образования. Его многолетний опыт и профессиональные достижения вдохновляют как педагогов, так и родителей.
💬 В своём выступлении Нурболат Бисенгалиев отметил, что основа благополучного общества формируется в семье. Именно там ребёнок учится первым ценностям: уважению, доверию, ответственности и взаимной поддержке. Эти качества в дальнейшем отражаются и в школе, и на работе, и в жизни общества в целом. Эксперт подчеркнул, что сегодня особенно важно создавать такие условия, где каждая семья чувствует поддержку и уверенность в завтрашнем дне. Для этого необходимо объединение усилий государства, образовательных организаций и общественных инициатив.
🎯 Проект Tatulyq.KZ ставит перед собой задачу — профилактика и предотвращение семейно-бытового насилия, буллинга и харассмента через медиа-продвижение. Истории, подобные рассказу Нурболата Бисенгалиева, становятся примером того, как личный опыт и профессиональная практика могут вдохновлять других.
🧡 «Мы должны учить детей ценить уважение и доверие с самого раннего возраста. Тогда завтра у нас будет общество, где диалог и взаимопонимание важнее любых конфликтов», — отметил он.
Серия выпусков «Истории успеха» продолжает открывать новые имена и идеи, которые помогают укреплять ценности семьи и общества. Ведь только так можно построить будущее, в котором каждый человек будет чувствовать себя в безопасности, в уважении и в согласии.
2 weeks ago | [YT] | 0
View 0 replies
KUN KZ
💬 ГДЕ ЗАКАНЧИВАЕТСЯ ЗАБОТА И НАЧИНАЕТСЯ КОНТРОЛЬ?
Иногда то, что называют «любовью», на деле может оказаться контролем.
В рамках онлайн-школы «Тату отбасы» по проекту Tatulyq.KZ состоялась лекция правозащитницы, учредительницы общественного фонда Stop Violence and Tyranny Молдир Жумабаевой. Эксперт подняла важную тему — семейные границы и то, как распознать насилие, замаскированное под любовь и заботу.
👉 Забота — это когда у вас спрашивают: «Что ты хочешь?», «Как я могу поддержать?».
👉 Контроль — это когда решают за вас: «Ты не пойдёшь», «Я лучше знаю», «Раз я помогаю — ты должна слушаться».
⠀
🚫 Контроль лишает свободы.
💚 Любовь всегда даёт выбор.
Если вам не дают возможности сказать «нет» — это сигнал, что ваши границы нарушаются.
Что такое семейные границы?
Границы — это невидимые линии, которые защищают наши чувства, эмоции, тело и время. Здоровые границы позволяют человеку уверенно говорить «нет», не испытывая вины или страха. Их нарушение проявляется тогда, когда появляется дискомфорт, чувство небезопасности и давление со стороны близких.
Забота или контроль?
Молдир Жумабаева отметила:
• Забота всегда подразумевает выбор и уважение. У партнёра спрашивают: «Что ты хочешь?», «Как я могу поддержать тебя?».
• Контроль проявляется в ограничениях: «Ты не пойдёшь», «Я решаю за тебя», «Раз я даю деньги — ты должна слушаться». Это не про любовь, а про власть и подчинение.
📌 Важно помнить:
• У вас есть право на своё мнение.
• У вас есть право на безопасность.
• У вас есть право на поддержку.
2 weeks ago | [YT] | 0
View 0 replies
KUN KZ
🟧 РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ИТОГАМ ИСТОРИИ УСПЕХА ОТ БАЯН ТОЙКЕБАЕВОЙ
«Права женщин в Казахстане: путь поддержки и изменений»
Эксперт: Баян Тойкебаева, общественная деятельница, член Общественного совета МВД РК
В рамках проекта Tatulyq.KZ при поддержке Министерства культуры и информации РК и ЦПГИ
1. Участие граждан в Общественных советах — открытая возможность
🔸 Подавать заявку в Общественный совет может любой гражданин или представитель НПО.
🔸 Процедура проста: форма, справка о несудимости, медсправка, мотивационное письмо.
🔸 Общественные советы — важный инструмент гражданского контроля и влияния на реформы.
2. Продвижение женщин в системе МВД
🔸 В органах МВД доля женщин на уровне принятия решений — всего 7–8%.
🔸 Баян Тойкебаева инициировала создание управления по защите женщин от семейно-бытового насилия, которое впервые возглавила женщина.
🔸 Продвижение женщин в силовых структурах — необходимый шаг к гендерному балансу и более человечному подходу в работе с уязвимыми группами.
3. Борьба с семейно-бытовым насилием
🔸 Принят Закон о профилактике семейно-бытового насилия, но нужны реалистичные механизмы его применения.
🔸 Важно обеспечить материальную базу подразделений, работающих с жертвами: транспорт, техника, обучение.
🔸 В каждом случае насилия должна быть возможность получить быструю, понятную и бесплатную помощь: юридическую, психологическую, социальную.
4. Работа с агрессорами и восстановление семей
🔸 Один из ключевых пилотных проектов — работа с агрессорами в Сараркинском районе Астаны.
🔸 Мужчины должны получать помощь и коррекцию поведения, иначе цикл насилия продолжается.
🔸 Необходимо масштабировать подобные программы по всей стране.
5. Психологическая помощь и комплексная поддержка женщин
🔸 Женщинам, пережившим насилие, не хватает бесплатной и специализированной психологической помощи.
🔸 Кризисные центры должны не только предоставлять временное жильё, но и помогать с восстановлением документов, трудоустройством, вопросами опеки, алиментов, устройства детей в сады/школы.
🔸 Нужны чёткие алгоритмы действий при обращении за помощью.
6. Борьба со стереотипами — приоритетная задача
🔸 «Терпи, не выноси сор из избы» — это опасные установки, с которыми нужно работать на уровне школы, семьи, медиа.
🔸 Необходимы информационные кампании, объясняющие, что насилие — это преступление, а не «семейный конфликт».
7. Роль участковых инспекторов
🔸 Участковые — первое звено взаимодействия с гражданами, но часто без ресурсов и обучения.
🔸 Требуется усиление их роли в профилактике, коммуникации и защите уязвимых категорий.
🔸 Рекомендовано: улучшение материально-технической базы и повышение квалификации.
Заключение
«Работа по защите женщин и профилактике насилия — это не точечная помощь, а системная трансформация, требующая участия общества, государства и каждого человека. Женский голос должен звучать везде, где принимаются решения», — подчёркивает Баян Тойкебаева.
3 weeks ago | [YT] | 0
View 0 replies
KUN KZ
🟧 ПРОФИЛАКТИКА БЫТОВОГО НАСИЛИЯ, БУЛЛИНГА , ХАРАСМЕНТА
Аккредитованный психолог, гештальт-терапевт
Ещанов Темирлан, в своем выступлении привел основные проблемы, с которыми сталкиваются жертвы бытового насилия, буллинга и харасмента. Эти проблемы затрагивают как общество, в котором мы живем, так и имеют место во внутреннем мире человека.
⚠️ Нормализация насилия обществом
Одна из самых незаметных, но при этом очень опасных проблем — это нормализация насилия.
С самого детства мы слышим знакомые фразы:
🔸 «Бьёт — значит любит»
🔸«Потерпишь — потом наладится»
🔸«Мужчины такие, у них просто характер»
🔸«Буллинг в школе — это закаляет»
Когда ребёнок приходит домой, жалуясь на насмешки — ему говорят: «Не обращай внимания».
Когда женщина говорит, что партнёр её унижает — ей советуют: «Не выноси сор из избы».
Когда мужчина признаётся, что столкнулся с харассментом — его могут высмеять или вовсе не поверить.
Мы искажаем саму суть насилия, оборачиваем его в форму «нормального поведения» и тем самым отказываемся признать его серьёзность. Мы привыкаем к насилию, словно это просто часть жизни — как плохая погода: неприятно, но надо терпеть.
Но насилие — это не дождь.
Это поведение.
А значит, его можно остановить.
Но для этого нужно сначала честно признать: оно есть.
🤐 Стигмы и стереотипы: почему жертвы молчат
Почему те, кто сталкиваются с насилием, так часто молчат?
Потому что в обществе укоренены стигмы — убеждения, которые делают саму жертву виноватой.
📌 Примеры:
🔸«Ты сама виновата, не надо было провоцировать»
🔸«Мужчина не может быть жертвой — ты что, слабак?»
🔸«Это твой начальник, ты знала, на что шла»
🔸«Все в школе через это проходят, закаляйся»
📌 Что делает стигма?
🔸Изолирует человека от поддержки.
🔸Заставляет думать: «Я не заслуживаю помощи».
🔸Усиливает чувство стыда и вины.
🔸А самое страшное — заставляет жертву оправдывать насилие.
Когда мы не верим, смеёмся, обвиняем — мы сами становимся соучастниками насилия.
🏚️ Безопасность, которая исчезает
Места, где человек должен чувствовать себя в безопасности — это:
🔸Дом
🔸Школа
🔸Работа
🔸Близкие отношения
Но как часто именно эти места становятся источником страха?
Ребёнок боится идти в школу из-за издевательств.
Сотрудник боится отказать начальнику.
Человек засыпает рядом с тем, кто его унижает.
Безопасность — это не абстракция. Это такая же базовая потребность, как воздух. Без неё невозможны ни доверие, ни развитие, ни свобода.
Но когда человек жалуется, ему говорят:
🔸«Не выноси на публику»
🔸«Ты же не хочешь разрушить семью»
🔸«Ну это же просто шутка, расслабься»
Так общество снова и снова ставит внешний порядок выше внутреннего состояния человека.
💔 Обесценивание человеческого благополучия
Корень проблемы — в обесценивании внутреннего благополучия.
До сих пор в приоритете:
🔸Репутация семьи
🔸Имидж школы
🔸Успех компании
🔸Социальный статус
А такие чувства как тревога, страх, выгорание, боль — игнорируются.
Люди учатся адаптироваться, притворяться, молчать.
Последствия:
🔸Хронический стресс
🔸Психосоматические заболевания
🔸Суицидальные мысли
🔸Потеря самоценности
Мы не сможем построить здоровое общество, если не поставим благополучие человека в центр системы ценностей.
✔️ Что может помочь?
1. Чувствительность к себе
Она помогает лучше понимать свои чувства, потребности, внутренние сигналы. Это первый шаг к заботе о себе и к отказу от нормализованного насилия.
2. Критическое мышление
Оно даёт возможность переосмыслить установки, которые поддерживают насилие, — например, увидеть, что «бьёт — значит любит» на самом деле значит «бьёт — значит это насилие».
3. Культура ментального благополучия
Это касается не только отдельных людей, но и общества в целом. Нам важно учиться говорить о психологических сложностях без страха осуждения, снижать стигму, и признавать важность душевного здоровья.
Заключение
Насилие — это не просто личная беда отдельного человека. Это социальное явление, и общество может либо его поддерживать, либо менять.
Наша задача:
🔸Не замалчивать
🔸Не оправдывать
🔸Не игнорировать
Наша задача — видеть, называть, действовать.
И тогда, возможно, где-то — ребёнок, женщина, мужчина, сотрудник, студент — почувствуют:
я не один, меня слышат, меня защищают.
1 month ago | [YT] | 0
View 0 replies
KUN KZ
«Мәселе бар — көмек те бар!»
❗ Тұрмыстық зорлық-зомбылық — бұл «отбасылық шаруа» немесе «екеуара жанжал» емес. Бұл — қылмыс.
Және ол тек отбасыны емес, тағдырларды бұзады.
Қазақстанда жыл сайын мыңдаған әйелдер мен балалар зорлық көріп, үнсіз жапа шегуде. Бірі — қорқады. Бірі — үміттенеді. Бірі — шыдай береді.
Бірақ көп жағдайда бұл тоқтамайды. Керісінше — күшейеді. Қайталанады. Сындырады.
🔴 Бірақ білу маңызды: сіз жалғыз емессіз.
Көмек бар. Және ол сіздің алғашқы қадамыңыздан басталады. Тек бір қоңырау жеткілікті болуы мүмкін.
📞 111 — Ұлттық сенім желісі
✅ Тәулік бойы
✅ Анонимді
✅ Тегін
🌐 — бұл жай ғана медиа-платформа емес. Бұл — үнсіз қалмағандардың дауысы. Бұл — бірге күресуге дайын қоғам.
📣 Мәселені жасыру — оны шешпейді. Көмек сұрау — әлсіздік емес, батылдық!
Жаңа өмірге, тыныш болашаққа алғашқы қадам жасаңыз.
Егер өзіңіз үшін болмаса — балаңыз үшін. Жақындарыңыз үшін. Өмір үшін.
#ЖанұялықЗорлықЖоқ #TatulyqKZ #111Қолдау #ҮндемеМаңыз #КөмекСұраңыз #СізЖалғызЕмессіз
1 month ago | [YT] | 0
View 0 replies
KUN KZ
🟠 ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ?
Ответы на важные и частые вопросы
❗️ О ДОМАШНЕМ НАСИЛИИ
1. Куда обращаться в случае домашнего насилия?
🔸 Позвоните по номеру 102 или на линию экстренную службу 111.
Также вы имеете право подать заявление в ближайшее отделение полиции.
2. Как работает экстренная служба 111?
🔸 Это бесплатный и конфиденциальный телефон доверия, где консультируют психологи и юристы. Работает круглосуточно.
3. Что делать, если нет доказательств?
🔸 Напишите заявление, пройдите медицинское освидетельствование. Аудио-, видеозаписи, а также свидетельства соседей тоже считаются доказательствами.
4. Муж проявил агрессию, но потом извинился. Что делать?
🔸 Извинение не оправдывает действия. Это может повториться. Ваша безопасность должна быть на первом месте.
5. Стоит ли терпеть ради детей?
🔸 Нет. Если дети растут в обстановке насилия — это наносит серьёзный вред их психике.
❗️ О БУЛЛИНГЕ (ТРАВЛЕ)
1. Моего ребёнка дразнят в школе. Что делать?
🔸 В первую очередь сообщите учителю и администрации школы. Поддержите ребёнка, поговорите с ним.
2. Чем отличается буллинг от шутки?
🔸 Если ребёнку обидно, неприятно, он чувствует себя униженным — это буллинг. Шутка — это то, что приятно обеим сторонам.
3. Если учитель не реагирует — куда жаловаться?
🔸 Обратитесь в районный отдел образования, Управление образования или подайте жалобу через портал egov.kz.
4. Кто несёт ответственность за кибербуллинг?
🔸 За онлайн-оскорбления также предусмотрена ответственность по законам РК. Сохраняйте скриншоты и записи для подачи жалобы.
❗️ О ХАРАССМЕНТЕ
1. Что такое харассмент?
🔸 Это домогательство — словесное или физическое, без согласия другого человека, включая сексуального характера.
2. Что делать, если на работе пристаёт коллега?
🔸 Напишите заявление руководству, в HR или в инспекцию труда. Конфиденциальность должна быть соблюдена.
3. Если домогательства только в словах — это тоже харассмент?
🔸 Да. Любые нежелательные слова, вызывающие дискомфорт — это харассмент.
4. Что делать, если нет письменных доказательств?
🔸 Используйте аудиозаписи, свидетельства очевидцев. Ведение личного дневника также может помочь.
5. Если расскажу о харассменте, не сделают ли меня виноватой?
🔸 Нет. Вы защищаете свои права. Законы Республики Казахстан — на вашей стороне.
1 month ago | [YT] | 1

Load more