ҚАНДАЙ АҚПАРАТТЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ?
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
❗️ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
1. Тұрмыстық зорлыққа қайда шағымдануға болады?
🔸 102 нөміріне немесе 111 жедел желісіне хабарласыңыз. Жақын полиция бөліміне арыз жазуға да құқығыңыз бар.
2. 111 жедел желісі қалай жұмыс істейді?
🔸 Бұл – тегін, құпия психологтар мен заңгерлер кеңес беретін сенім телефоны. Тәулік бойы жұмыс істейді.
3. Егер дәлел болмаса не істеу керек?
🔸 Арыз жазып, медициналық тексерістен өтіңіз. Аудио, видео, көршілердің куәлігі де дәлел ретінде қарастырылады.
4. Күйеуім агрессия көрсетті, бірақ кешірім сұрады. Не істеймін?
🔸 Кешірім – әрекетті ақтамайды. Бұл қайталануы мүмкін. Өз қауіпсіздігіңіз бірінші орында болу керек.
5. Балаларым үшін төзуім керек пе?
🔸 Жоқ. Балалар зорлықты көріп өссе – олардың психикасына ауыр әсер етеді.
❗️ БУЛЛИНГ (ҚУДАЛАУ) ТУРАЛЫ
1. Баламды мектепте мазақтайды. Не істеуім керек?
🔸 Бірінші кезекте мұғалім мен мектеп әкімшілігіне хабарласыңыз. Баламен сөйлесіп, қолдау көрсетіңіз.
2. Буллинг пен әзілдің айырмашылығы қандай?
🔸 Егер бала өзін жаман сезінсе, қорланса, бұл – буллинг. Әзіл – екі жаққа да жағымды болады.
3. Мұғалім назар аудармаса қайда шағымданамын?
🔸 Аудандық білім бөліміне, Білім басқармасына немесе арнайы білім беру платформаларына (egov.kz арқылы) арыздануға болады.
4. Кибербуллингке кім жауап береді?
🔸 Онлайн қорлау үшін де ҚР заңнамасы бойынша жауапкершілік бар. Скриншоттар мен жазбаларды сақтап, шағымдануға болады.
❗️ХАРАССМЕНТ ТУРАЛЫ
1. Харасмент деген не?
🔸 Бұл – адамның келісімінсіз жасалатын сөзбен, әрекетпен мазалау, қорлау, сексуалдық сипаттағы қысым көрсету.
2. Жұмыста әріптес мазаласа қайтемін?
🔸 Басшылыққа, HR-ға немесе еңбек инспекциясына жазбаша арыз беріңіз. Құпиялылық сақталуы керек.
3. Сөзбен ғана мазаласа, ол да харасмент пе?
🔸 Иә. Келіспей, ыңғайсыздық тудыратын кез келген сөз — харасмент.
4. Жазбаша дәлел болмаса, не істеу керек?
🔸 Әңгімелердің жазбасын, куәлардың куәлігін пайдаланыңыз. Күнделік жүргізу де көмектеседі.
5. Харасмент жайлы айтсам, өзім кінәлі болып қалмаймын ба?
🔸 Жоқ. Сіз өз құқығыңызды қорғайсыз. ҚР заңдары сіздің жағыңызда.
KUN KZ

1 month ago | [YT] | 1