Биыл «Хабар» Агенттігі өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Бұл – жүріп өткен жолды бағамдап, ұрпақтар сабақтастығын бекемдейтін әрі болашаққа бағыт-бағдар айқындайтын маңызды кезең болғандықтан, дайындық жұмыстары жыл басынан басталған.
«Хабардың» құрылған күні – 23 қазан. Дәл осы күні жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан мерейтойлық іс-шаралардың қорытындысы шығарылмақ.
Мерейтойға орай мынадай шаралар жоспарланған: 1. Арнаның негізін қалап, дамуына үлес қосқан ардагерлер, бұрын-соңды еңбек еткен әріптестер мен құттықтаушылар 23 қазан күні арнайы шақырылып, сый-сияпат көрсетіледі. Салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізу жоспарлануда.
Жалпы, жыл басында басталған 30 жылдық мерейтойды атап өту қазан айының соңына дейін жалғасады. Мерейтой эфирде де, эфирден тыс та кеңінен насихатталып келеді. 2. Күзгі телемаусым «Хабардың 30-маусымы» деп аталып, онда ақпараттық және қоғамдық-саяси бағыттағы бағдарламаларға басымдық беріледі. Эфирлік сетка жаңартылып, танымдық әрі рухани-мәдени жобалар да көрерменге жол тартады. 3. Ерте көктемде «Қазмедиа» орталығында «Хабар: 30 жылдық фотошежіре» атты көрме ашылды. Ол ай сайын жаңартылып, Агенттіктің тарихы мен майталман ардагерлері туралы сыр шертіп келеді. 4. Қыркүйек-қазан айларында арнаның бұрынғы жаңалық жүргізушілері мен қазіргі жүргізушілері бірге эфирге шығып, ардагерлердің жұлдызды шақтары қайта жаңғыртылмақ. 5. Агенттіктің қалыптасуына еңбегі сіңген ардагерлер мен бүгінгі жетістіктер туралы деректі фильмдер түсірілуде. 6. Өкінішке қарай, өмірден өткен белгілі тұлғалар – Нұртілеу Иманғалиұлы, Владимир Рерих, Амангелді Сейітхан сынды әріптестерге арналған деректі туынды әзірленіп жатыр. Ол күздің алғашқы айларында эфирге шығады. 7. «Агенттіктің қазіргі келбеті» деп аталатын фотоальбом дайындалып жатыр. Бұл туынды – «Хабардың» жүріп өткен жолы мен жеткен жетістіктерін бейнелейтін естелік ретінде жарық көрмек.
Khabar RETRO
«ХАБАРДЫҢ» 30 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАЛАЙ АТАЛЫП ӨТЕДІ?
Биыл «Хабар» Агенттігі өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Бұл – жүріп өткен жолды бағамдап, ұрпақтар сабақтастығын бекемдейтін әрі болашаққа бағыт-бағдар айқындайтын маңызды кезең болғандықтан, дайындық жұмыстары жыл басынан басталған.
«Хабардың» құрылған күні – 23 қазан. Дәл осы күні жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан мерейтойлық іс-шаралардың қорытындысы шығарылмақ.
Мерейтойға орай мынадай шаралар жоспарланған:
1. Арнаның негізін қалап, дамуына үлес қосқан ардагерлер, бұрын-соңды еңбек еткен әріптестер мен құттықтаушылар 23 қазан күні арнайы шақырылып, сый-сияпат көрсетіледі. Салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізу жоспарлануда.
Жалпы, жыл басында басталған 30 жылдық мерейтойды атап өту қазан айының соңына дейін жалғасады. Мерейтой эфирде де, эфирден тыс та кеңінен насихатталып келеді.
2. Күзгі телемаусым «Хабардың 30-маусымы» деп аталып, онда ақпараттық және қоғамдық-саяси бағыттағы бағдарламаларға басымдық беріледі. Эфирлік сетка жаңартылып, танымдық әрі рухани-мәдени жобалар да көрерменге жол тартады.
3. Ерте көктемде «Қазмедиа» орталығында «Хабар: 30 жылдық фотошежіре» атты көрме ашылды. Ол ай сайын жаңартылып, Агенттіктің тарихы мен майталман ардагерлері туралы сыр шертіп келеді.
4. Қыркүйек-қазан айларында арнаның бұрынғы жаңалық жүргізушілері мен қазіргі жүргізушілері бірге эфирге шығып, ардагерлердің жұлдызды шақтары қайта жаңғыртылмақ.
5. Агенттіктің қалыптасуына еңбегі сіңген ардагерлер мен бүгінгі жетістіктер туралы деректі фильмдер түсірілуде.
6. Өкінішке қарай, өмірден өткен белгілі тұлғалар – Нұртілеу Иманғалиұлы, Владимир Рерих, Амангелді Сейітхан сынды әріптестерге арналған деректі туынды әзірленіп жатыр. Ол күздің алғашқы айларында эфирге шығады.
7. «Агенттіктің қазіргі келбеті» деп аталатын фотоальбом дайындалып жатыр. Бұл туынды – «Хабардың» жүріп өткен жолы мен жеткен жетістіктерін бейнелейтін естелік ретінде жарық көрмек.
3 months ago | [YT] | 6