СӘЛЕМЕТСІҢБЕ ЖҮРЕКТЕРІМ АРНАҒА ТІРКЕЛСЕҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ БОЛЫП МЕНІҢ ҚЫЛЫҚТЫ, ТӘТТІ СӘТТЕРІМНІҢ КУӘСІ БОЛАСЫҢ 😉

KAUSARTAY АРНАСЫНАН ШЫНАЙЫ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ БИНЕЛЕРДІ ЕҢ АЛҒАШҚЫ БОЛЫП КӨРГІҢІЗ КЕЛСЕ ТІРКЕЛІП ҚОҢЫРАУШАНЫ БАСА КЕТІҢІЗ🔔🙌


04.05.2023 500 ❤️ шүкір
14.10.2024 7000 ❤️Шүкір
19.11.2024 8000 ❤️шүкір
01.05.2025 10000❤️Шүкір
Жүрекшелерім арнаны жүрекпен толтырайық 🤩



AQPARAT.1KZ

🍎📱 Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткен

Байзақ ауданының полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған. Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқалы алмаға айырбастап алған.

ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

80 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді.

📍*Қартайғанда не қызық көрем деп ойлады екен. Қарттарымызды қадірлей білейік*

2 years ago | [YT] | 1

AQPARAT.1KZ

📍Құрметті менің ютуб достарым сіздерге мың алғыс💐. Әлі талай белестерде менімен боласыздар деп сенемін. Мен сіздерді жақсы көремін❤️. Ал менің жазбамды енді оқып отырған жан болсаңыз арнамызға тіркеліп қолдау білдіре кетіңіз🙌😉.

2 years ago | [YT] | 1

AQPARAT.1KZ

ЖАҢА ҒАНА БАЛАЛАР САҚ БОЛСЫН. ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҮР СІЛКІНДІРГЕН АУЫР ЖАҒДАЙ

https://youtu.be/-Oq0F--O1Mg
https://youtu.be/-Oq0F--O1Mg
https://youtu.be/-Oq0F--O1Mg

2 years ago | [YT] | 0

AQPARAT.1KZ

🧚ҚҰРМЕТТІ МЕНІҢ ЮТУБТАҒЫ ЖҮРЕК ОҚЫРМАНДАРЫМ СІЗДЕРДІ ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН🤩. СІЗДЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС🙌. БІЗ БҮГІН 500 ОҚЫРМАН БОЛДЫҚ🙏💃. АЛДЫДА ӘЛІ СІЗДЕРМЕН ТАРИХИ ТАЛАЙ БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРАТЫН БОЛАМЫН😉. БҰЛ МЕНІҢ ЖЕТІСТІККЕ ДЕГЕН АЗ ҒАНА ҚАДАМЫМ. БҰЙЫРСА СІЗДЕРМЕН 1️⃣0️⃣0️⃣0️⃣ ОҚЫРМАНҒА ЖЕТЕТІН ТАРИХИ СӘТ БОЛАДЫ🤲.

2 years ago | [YT] | 8

AQPARAT.1KZ

❗️Қызылордада бірнеше дүкенге ұрлыққа түсіп, төлем терминалы мен сейфтен ақша ұрлаған екі азамат ұсталды

29 сәуір ойын орталығының қызметкері өзінің арызында
белгісіз азаматтардың пластик терезені бұзып кіріп, 4 дана Playstation және 10 дана джостик құралын ұрлап кеткендігін айтқан.

Күдіктілерді полицейлер бейнекамералар арқылы анықтады. 32 және 33 жастағы қала тұрғындары УҰИ-ға қамалды. Айғақ заттар тәркіленді.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тексеру барысында ұрланған ақшаларды бас пайдаларына жаратқандығы анықталды.

2 years ago | [YT] | 2

AQPARAT.1KZ

🔞Кеше Кентауда 11 жасар қызды, соққыға жығып, басын таспен ұрып зорламақ болған малғұн ақыры тұтқындалды. Абырой болғанда, көршілер байқап айқайға салғандарының арқасында кішкентай қыз аман қалды. Артынша полиция қаскөйді құрықтап, үстінен тек «бұзақылық» бабын қозғап босатып жібергені анықталған болатын. Халықтың байбаламы, әлжелідегі сіздердің белсенділіктеріңіздің арқасында, іс қайта қарастырлып, әлгі малғұнның үстінен «кәмелет жасқа толмаған адамды зорлауға әрекеттенді» бабы қозғалды.

Белгілі болғандай, ол бұрын-соңды сотталған екен. Бірақ, қай бап бойынша екенін полиция ашық айтпай отыр. Ал, жәбір көрген қыздың жағдайы қалыпты, ауруханада жатыр.

Кентауда 11 жасар қызды ұрып-соғып зорламақ болған адамның жүзі. Белгілі болғандай, ол бұрын-соңды істі болған екен. Бір рет адам зорлап, сосын тонау жасап сотталған. Осыдан 10 күн бұрын ғана түрмеден шыққан екен. Шыға салысымен өрімдей қыздың тағдырын тас-талқан етпек болды. Зорлап істі болғандар - адам болмайды. Қоғамнан мәңгі аластатып тастау керек мұндай мақұлықтарды. Аты-жөнін, жалпы жеке басы жайлы ақпаратты білген соң жария етемін. Қауіптен абай болу үшін, оның жүзін, өзін білуіміз қажет.
Әзірге тек екі айға қамаққа алынып отыр. Тергеу нәтижесінде, ұзақ мерзім береді деп үміттенемін.

2 years ago | [YT] | 13

AQPARAT.1KZ

Тарихта тұңғыш рет араб астронавты ашық ғарышқа шықты

Әл-Нейадидің отаны ғарыштағы бұл саяхатты «тарихтың елеулі кезеңі» деп атады. Отандастары астронавқа «Ғарыш сұлтаны» деген ат қойды.

41 жасында Сұлтан әл-Нейади ашық ғарышқа шыққан алғашқы араб ғарышкері атанды.

Ол алты айдан бері ХҒС бортында болды.

Станция модулінен шыққаннан кейін әл Нейади NASA-дағы әріптесімен бірге модульді энергиямен жабдықтау жүйесін жаңарту жұмысын атқарды.

2 years ago | [YT] | 0

AQPARAT.1KZ

Екібастұзда ер адамның денесі салынған пакет табылды

24 сәуірде Екібастұзда Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіреберісте полиэтилен қапшықтан адамның денесі табылды.

ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Павлодар облысының ПД өкілдері адамның жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

"Адамні үстінде Adidas фирмасының, "Челси" футбол командасының эмблемасы бар көк түсті футболка, Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорт шалбар, сұр жолақтары бар қара түсті күртеше", - делінген хабарламада.

2 years ago | [YT] | 2

AQPARAT.1KZ

👟 Астанада ерлі-зайыптылар спорт дүкенінен киімдерді алып кеткен

Спорттық киім бутигінде олар киімдерді киіну бөлмесіне апарып, ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастаған. Осылайша екі рет барған кезде жалпы сомасы 600 мың теңгеден асатын киім-кешек алып шыққан.

Сауда үйінде аталған екеуі тағы 20 мың теңге тұратын әйелдер сөмкесін ұрлап кеткен.

Ерлі-зайыптылардың ұрлықтың 5 эпизодына қатысы бары анықталды. Қазір олар ұрлық жасағанын мойындады, 1995 жылы туылған С. есімді азамат УҰИ-ға қамалды.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

2 years ago | [YT] | 1

AQPARAT.1KZ

🔞ҮШ ӘЙЕЛ ЖОҒАРҒЫ ҚАБАТТАН СЕКІРІП МЕРТ БОЛДЫ

Ақтөбе. 24 сәуір, сағат түнгі 02:00 шамасында “Ақтөбе ажары” тұрғын үй кешені ауласында 31 және 56 жасты әйелдердің мәйіттері табылды. Белгілі болғандай, олар 19-шы қабаттан секіріп, бірінші джипке, сосын жерге құлаған. Көліктің капоты зақымдалып, терезесі сыныпты. Қожайыны марқұмдардың қанын жуып, көлікті брезентпен жауып қойған. Аула тазалаушылар мәйіттер құлаған жердегі қан іздеріне құм сеуіп тастапты.

Дәл осы түні Әбілқайыр хан көшесінде орналасқан үйдің 9-шы қабатынан тағы бір 27 жасты әйелдің секіріп өлгені анықталды. Яғни, бір түнде үш әйел өзіне қол жұмсаған!
Полиция әзірге мардымды ақпарат бере алмай отыр.

❗️Байғұс әйелдерге не болды екен? Ойынын ойнайтын жастан асып кеткен…

2 years ago | [YT] | 0