Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Қазақстанның ұлттық телевизиялық каналы / "Qazaqstan" телеарнасы / Қазақстан ТВ / Қазақстан TV / Казахстан ТВ)
Qazaqstan TV – қазақстандық Youtube-тың жетекші телеарнасы. Әзіл, музыка, ойын-сауық, телехикаялар мен қазақстандық шоу – жазылыңыз, достарыңызбен бөлісіңіз! Біздің @qazaqstantv Instagram-аккаунтында байқауларға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алыңыз!

t.me/qazaqstantv

Национальный телевизионный канал Казахстана / телеканал "Qazaqstan" / "Qazaqstan" телеарнасы (телеканал Казакстан/ телеканал Казахстан/ Казакстан арна /Казахстан ТВ / Қазақстан ТВ / Қазақстан TV / Казахстан)
Qazaqstan TV - ведущий телеканал казахстанского Youtube. Юмор, музыка, развлечения, сериалы и шоу Казахстана - подписывайтесь и делитесь с друзьями! Участвуйте в конкурсах в нашем Instagram-аккаунте @qazaqstantv и выигрывайте ценные призы!


Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Кішкентай Дамбоның таңғажайып хикаясын осы сенбі 21:20-да отбасымен бірге тамашалауға шақырамыз

1 hour ago | [YT] | 50

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Threads платформасын іске қосуға атсалысқан қазақ инженері

Нұрпейіс Баймұқан - Түркістан облысының тумасы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі. Ол 2022 жылдан бастап Meta компаниясына қарасты Instagram-да қызмет етті.

2023 жылдың басында Нұрпейіске компания ішінде Threads жобасына екі аптаға волонтер ретінде қатысу ұсынылады. Қысқа уақыт ішінде ол қосымшаның толық хабарландыру жүйесін әзірлеу міндетін өз мойнына алып, дайындап шығады.

🇰🇿Университетті тәмамдағанына 1 жыл ғана болғанына қарамастан, оның еңбегі жоғары бағаланып, Нұрпейіс Threads жобасы командасының тұрақты мүшесіне айналды.

19 hours ago | [YT] | 557

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Нұрболат Абдуллин нағыз шоу ұсынады!

Бұл кешке ең үздік мамандар жұмылдырылды. Ең мықты әртістер жиналды. Ең ерекше дуэттер орындалды.

Ендеше осы жексенбі 12:25-те бізбен бірге болыңыз!

19 hours ago | [YT] | 92

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Елімізде тұрғын үйді жалға алу құны өсті

Елімізде жалдамалы тұрғын үй бағасы қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, соңғы бір жылда пәтер жалдау құны шамамен 13% өскен.

Қазір республика бойынша 1 шаршы метрдің орташа бағасы 5 мың теңгеден асады. Ең жоғары баға Астана мен Алматыда тіркелген.
Өңірлерде де өсім байқалады:
▪️ Павлодарда – 42,9%
▪️ Петропавлда – 41%
▪️ Ақтөбеде – 30,4%
▪️ Өскеменде – 23,1%
▪️ Көкшетауда – 8,5%
▪️ Қонаев қаласында – 3,3%

Бағаның өсуі тұрғындар үшін басты әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр.

22 hours ago | [YT] | 54

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Қазақстанда зейнетақы жинағын емделу үшін пайдалану уақытша тоқтатылды

Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлады.

«12 қаңтарда сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында БЗЖ есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылады. «Отбасы банкі» Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды», - делінген хабарламада.

Емделуге өтінімдерді қайта қабылдау туралы хабарлама талаптарды түзету аяқталғаннан кейін жарияланады.

1 day ago | [YT] | 67

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Елде алдағы күндері 38 градус аяз болады

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы 3 күнде суық антициклон салдарынан еліміздің солтүстік өңірлерінде, кейін еліміздің өзге аймақтарында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

✅14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта -30-38 градус аяз болады.

Сондай-ақ кей аймақтарда қатты жел соғады. Елдің солтүстік жартысында жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

1 day ago | [YT] | 144

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Азаматтық алуға арналған тест: Өтініш беру мерзімі мен тестілеу уақыты белгілі болды

3–10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштер қабылданады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Тест 3 бөлімнен тұрады:
✅қазақ тілі бойынша тест (қазақ тілінде) - 30 тапсырма, шекті балл - 15;
✅ҚР Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) - 40 тапсырма, шекті балл - 20;
✅Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) - 30 тапсырма, шекті балл - 15.
Ең жоғары балл - 100, шекті балл - 50.

🕚Тестілеу уақыты - 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға тест тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі. Тестке қатысу құны - 14 693 тг.

1 day ago | [YT] | 50

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Қазақстандық өнерпаз халықаралық байқауда Гран-при иеленді

Беларусьтің Витебск қаласында өткен «Арт-парад в Витебске» VII халықаралық фестиваль-байқауында Қазақстан атынан қатысқан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4-курс студенті Ақерке Амалят жеңімпаз атанды.

«Эстрадалық вокал» мамандығында білім алатын студент қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді. Байқауға 12 елден 1 200-ден астам өнерпаз қатысты.

Ақерке Амалят бұған дейін де халықаралық және республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.

1 day ago | [YT] | 546

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

2025 жылы елімізде 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2025 жылы елімізде экономиканы индустриялық дамыту және әртараптандыру бағытында 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді.

Іске қосылған кәсіпорындар:

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan, KIA Qazaqstan, EkibastuzFerroAlloys, KamLitKZ, Qaragandy Power Silicon, ТЭМПО-Казахстан, ТексолТранс, Kazferro Limited, Гранд Материк, Central Asia Aluminium, Sauran Bricks, СЛ Групп, Евразийский механикалық зауыт, Hong Shun, Алтын Дала Мақта, ТК Газоблок, Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты, Синтез Урал, KazFeltec, Alliance Buildings, KazPan, Bir beldeu bir zhol technology, QILU Agro, Marvik Partners, Himmel Aluminium, Euro Glass, Алтын Групп, Багдар ЛТД, БайконурСтройСнаб, Kapital Construction, AynaGlass, ПолиТрейд Қазақстан.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, экономикаға 841 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.

1 day ago | [YT] | 147

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Disney ұсынады: Достық шекара талғамайды

«Түлкі мен ит» - қарама-қайшы мінездеріне қарамастан нағыз достықтың қандай болатынын дәлелдейтін мультфильм.

Тодд пен Коппердің хикаясы тек кішкентай көрерменді емес, ата-анасына да ой салады.

17 қаңтар 13:30-да, ал 18 қаңтар 14:15-те екінші бөлімін көруді ұмытпаңыз.

1 day ago | [YT] | 316