AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы

1960 жылы 29 қазаннан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе филиалы хабарлар тарата бастады. Филиал қала мен қалаға жақын елдімекендерге 10-шы арна бойынша тәулігіне 14 сағат, 8-ші арна бойынша облысқа 1 сағат хабар таратады. Хабарлардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде шығады.

Aqtobe Телеарнасы / Ақтөбе телеарнасы / Актобе ТВ / официальный канал актюбинского филиала РТРК Казакстан на YouTube


AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы

Президент: Қажет болса құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер енгізген жөн

Мемлекет басшысы соңғы уақытта елімізде интернет-алаяқтық көбейіп кеткенін алға тартып, құқық қорғау органдарының қызметіне өзгерістер енгізу керектігін атап өтті.



«Құзырлы органдардың жұмысын ұдайы жетілдіріп отырған жөн. Киберқылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін барынша интеллектуалды жүйе құру керек. Қажет болса тиісті заңға, құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер енгізген жөн»,- деді Президент.

1 month ago | [YT] | 4

AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы

Әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерін беру тәсілін түбегейлі өзгертуді ұсынды.



«Жер иесіз қалмауы керек. Жерді тек қана оның қадірін білетін адамға ғана беру керек. 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 млн гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ әкімдер соның 6 млн гектарын ғана жер игеруге берілген. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы керек. Бұл – анық нәрсе. Сондықтан әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы да шешілуі тиіс. Ауыл шаруашылығы жерін беру тәсілін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта электронды конкурстар арқылы қабылдануы тиіс», - деді Президент Жолодауда.



Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет.



@qazaqstantv

1 month ago | [YT] | 0

AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы

Alatau Сity Қазақстанның алғашқы цифрлық қаласы болады

Мемлекет басшысы жаңа қалаға ерекше мәртебе берілетінін айтты.

Бұл қалаға Қытай тарапынан миллиардтаған инвестиция құйылады.

1 month ago | [YT] | 5

AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы

Президент Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды тапсырды

Президенттің айтуынша, Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық ел болуы керек.

«Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орнай бастады. Қазақстан әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы орайда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды тапсырамын», – деді Президент Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы «жаңа министрлікті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек», - деді.

1 month ago | [YT] | 4

AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы

Қазақстан 3 жыл ішінде цифрлық елге айналуы керек - Қасым-Жомарт Тоқаев

«Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орнай бастады. Қазақстан әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді Президент.

1 month ago | [YT] | 0

AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі, Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтады.

«Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде Қазақстанда 6,2 миллионнан астам отбасы өмір сүруде. Мемлекет үшін отбасын қолдау – жай ғана басымдық емес, бұл – тұрақты дамудың берік негізі. Бүгінде елімізде 112 Отбасы қолдау орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар азаматтарға өмірлік маңызды мәселелерді шешуге көмектесіп, психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіп отыр»,-деді Аида Балаева.

Сондай-ақ «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталғанын атап өтті. Байқауға #отбасыкүні2025 және #деньсемьи2025 хештегтері арқылы отбасылық суреттеріңізді жіберіп, онлайн-челенджге қатысуға болады.

5 months ago | [YT] | 0

AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы

Ақ Азиада: 11 ақпандағы жарыс кестесі

ІХ Қысқы Азия ойындарын тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары мен сайтынан көре аласыздар.

Instagram TikTok WhatsApp Facebook

8 months ago | [YT] | 0

AQTOBE TV / Ақтөбе телеарнасы

Ақтөбеде 35 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион салынады

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

➤ Облыс әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, биыл аймақ экономикасының өсімі 6 пайызды құраған. Ал өнеркәсіп өндірісі 4 пайызға артып, осы жылдың алты айында шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 175 млн долларға жеткен.

➤ Президентке Ақтөбе қаласының әуежайын мультимодалды хаб ретінде дамыту үшін мұнда арнайы экономикалық аймақ құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Бұл жобаға 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартып, 5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

➤ Сонымен қатар Ақтөбе қаласында салынатын жаңа құрылыс нысандарының макеті таныстырылды. Шаһарда 700 орындық драма театры және 35 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтермек.

@qazaqstantv

10 months ago | [YT] | 8