Janar Baisemiz | журналист

Байсеміз LIVE НЕМЕСЕ ешнәрсеге қарамастан өмірге ИӘ де!

Рухани, ағартушылық, гуманистік, танымдық, мотивациялық, экзистенциялық, ізгілік бағытындағы подкаст. Адамның күш-жігерін қайрап, рухын көтеретін, ой салатын, дем беретін, өмірге құлшынысын оятатын, айналасына, қоғамға пайда келтіруге шақырып, өзгенің қамын жеуге жетелейтін жоба.

Байсеміз LIVE қонақтарының ойлары мен таным-түсінігі менің ұстанымыма сәйкес келмеуі мүмкін. Әр түрлі көзқарастағы, пайымдағы адамдардың пікірін құрметтеймін.

Ізгі қоғам құруға сіз де атсалысыңыз.
Каналыма жазылыңыз. Жақындарыңызға айтыңыз.
Лайк басыңыз, пікір қалдырыңыз.

Құрметпен,
журналист, "Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы
Жанар Байсеміз.




Janar Baisemiz | журналист

Осыдан екі жыл бұрын қоғамда қатты “ШУ” жасаған Жанат Бақытты БайсемізLIVE-қа шақырдым. Мен екі жылдан бері өз жобаммен #шетелдегіқазақбалалары алысып жүргенде Жанат регрессологияны тастап, жаңа дәуір әлемін бастап кетіпті. Жанатты бұрыннан танитын болғандықтан сыртынан тон пішпей, бәрін өз аузынан естігім келді. Айтпақшы, Жанат Бақыт бір жыл бойы психологтардың нысанына айналыпты.
Олардың пайымы бойынша Жанат Бақыт ұзақ күйзелістен белгілі бір сандырақ арқылы шыққан-мыс. Сандырақ деген галлюцинация. Психологтар, Жанат Бақыт шынайы өмір мен жалған өмірді ажырата алмай қалған деген ұстанымда.
Расында да солай ма?
Жанат Бақытқа жын кірді, жынданды, психологиясы әлсіз, ақша табудың жаңа құралын ойлап тапты деген сөздерге Жанат Бақыттың жауабы қандай?

9 months ago | [YT] | 8

Janar Baisemiz | журналист

Сүйінші!
Қымбатты оқырмандарым!



📍Байсеміз LIVE-тың алғашқы қонақтары жұлдызды жұп - белгілі актер Рүстем Жаныаманов және М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы Жанаргүл Жаныаманова.

@zhanyamanov_rustem @zhanargul_zhanyamanova

«Сен маған керексің» киносын түсіруге Рүстем мен Жанаргүлдің басына түскен ауыр жағдайдың өзек болғаны айтылды.
Рүстем мен Жанаргүл жазылмайтын ауруға шалдыққан ұлдарының айықпас дерттен қалай арылғанын айтып берді.

Сұхбатта өмірдің мәні, тәубеге келу, рухани даму, өзіңді тану, Құдайға жақындау, тазалық, шынайылық, махаббат, ерлі-зайыптылардың арасындағы әдемі қарым-қатынас, әйелді құрметтеу, құндылықтар өзгерісі, мықты мамандардың елде бағаланбай, шетелге кетіп жатқандары, материалдық құндылықтар, отбасылық құндылықтар, отандық кино өндірісіндегі проблемалар, түрлі дертке шалдыққан балалардың жағдайы, өнер адамдарының басындағы қиындықтар тағы да басқа өзекті мәселелер қозғалды.

Сондай-ақ осы сұхбатта Рүстем Жаныаманов түбінде өнерден кететінін айтты...

Рүстем мен Жанаргүлдің мәнді-мағыналы әңгімесі сіздің жүрегіңізге жетеді деп ойлаймын.
Соңына дейін көріңіздер. Ойларыңызды жазыңыздар.

Өз тілектеріңізді жазыңыздар. Рүстем мен Жанаргүл біреуін таңдап, сол адамның тілегін орындайды. 🎁

Бәріңізді Байсеміз LIVE-та күтемін.
Үнсіз өтіп кетпеңіздер. Сіздердің қолдауларыңыз маған ауадай қажет♥️

#Байсеміздіңканалы #Байсемізlive

9 months ago | [YT] | 3

Janar Baisemiz | журналист

"Мальчик который обуздал ветер".
30 жасқа дейін әлемді өзгерткен 30 адамның қатарына енген бала.

5 years ago | [YT] | 3